astana-view

Астанада бизнесті сотта қорғау мәселелеріне арналған форум басталды

2017 жылғы 07 Желтоқсан
4733 просмотров

Бүгін Жоғары Сот мінберінде  «Бизнестің құқығы мен заңды мүддесін сотта қорғаудың тиімділігін арттыру» атты форум өтеді. Форумға  Қазақстан Республикасының Жоғары Сот төрағасы Қайрат Мәми, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев қатысады. 

Сонымен қатар іс-шараға Парламент депутаттары, судьялар, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері, сарапшылар қатысады. Өңірдегі жергілікті соттар судьялары, мемлекеттік органдар мүшелері мен бизнес-қоғамдастық бейне-байланыс арқылы қосылады.

Форум барысында ҚР Жоғары Соты мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында 2018 жылға арналған өзара әс-шаралар өткізу «Жол картасына» қол қойылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер