astana-view

Бизнес-жаттықтырушылар тәжірибесімен бөлісті

2017 жылғы 11 Желтоқсан
9463 просмотров

«Бастау Бизнес» жобасының 2017 жылдағы қорытындысы жасалды

11 желтоқсан күні «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Бастау Бизнес» жобасының жылдық қорытындысы жасалды. Шараға «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев, жоба жетекішілері мен республиканың 80 ауданында бір жыл бойы еңбек етіп, кәсіпкерлік негіздерін оқытқан бизнес-жаттықтырушылар қатысты.

Айта кетелік, «Бастау Бизнес» ­– «2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікпен дамыту» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жоба. Биыл «Бастау Бизнестің» алғашқы жылы өз мәсересіне жетті, жоспар бойынша бекітліген 15 000 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, оқытудың 6 легі сәтті аяқталды.

«Бұл бастаманың қолға алынғанына бір жыл толды. Негізгі идеяны бастаған осы азаматтар. Ауыл тұрғындарын қалай кәсіпкерлікке тартамыз, қалай нарыққа баулимыз деген оймен пилоттық жоба іске асты. Біз басшылық ретінде бұл пилоттық жобаны Үкіметке жеткіздік. Жоба бірден нық басталды. Бастау Бизнестің негізгі құндылығы ауыл азаматтрына көмек беру. Соларға өзін жаңа заманға сай алып жүруге тартады. Жауапкершілігін арттырады бизнес ашады, ойланады есептейді. «Бастау Бизнес» сәтті жүзеге асырылған соң мемлекеттік бағдараламаның бір бағдарына айналып отыр», – деді Абылай Мырзахметов.

Басқарма Төрағасы өңірде кәсіпкерлердің басы-қасында жүріп, әр жоба қорғауына жанкүйер болған бизнес-жаттықтырушыларға атқарылған жұмыстары үшін ризашылығын білдірді.

«Халықа арасында жүрген сіздер, жоба орындалуына берілген, Халық арансыда дәнекер болған – сіздерсіздер. Халық арасында жұмыс істеп, әркімнің көңілін табу оңай шаруа емес. Бес саусақ бірдей емес демекші сіздер нағыз психолог мамандарына айналдыңыздар. Келесі жылы да атқарар жұмыс көп. Жетістікке жеттік деп қуанып қана қоймай, ары қарай жетілу керек. «Бастау Бизнестің» мақсаты – адам бойындағы қабілетті ашу. Әр адамның өз қасиеті бар. Кейбір өңірлерде ОҚО, Қарағанды Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстары 100 пайыздан астам көрсеткішпен келіп отыр», – деді Басқарма Төрағасы.

Жалпы алғанда меже орындалды, ауыл тұрғындары кәсіпкерлік негіздеріне 30 күн бойына қанып, олардың ішінде үздік жоба жасағандар арзан қаржыландыруға ие болды. Келесі жылы жобаға қатысам деуші халықтың саны көп.

«Бастау Бизнес» жобасының бірінші жылын қорытындыладық. Үлкен жұмыс атқарылды. Жалпы жоба өңір-өңірде жақсы сұранысқа ие болды, халықтың пікірі оң. Дегенмен, келесі жылы назарға алатын жайттар, ескеретін бірқатар нәрселер бар. Бүгін бағдарламаны жүзеге асыруда қандай процестерді жақсартуға болады, халықтың сұранысы мен ұсыныстары қандай, бірге талқылайық. Мәселен, Сарығаш ауданында жылыжай жайында тренинг өткізудің керегі жоқ, олар жастайынан бәрін көріп өскен. Ал Маңғыстау облысында мал шаруашылығымен айналысу қолайсыз. Түйе шаруашылығымен айналысатын ата-бабаларымыз тек Маңғыстау облысының төңірегімен шектелген жоқ қой. Сондықтан бұл өңірде жылыжай ашуды қолға алу керек, халыққа жаңа технологияларды үйрету керек», – деді Эльдар Жұмағазиев.

Өз кезегінде өңір айнасын көріп, зерттеген бизнес-жаттықтырушылар келесі жылға арналған ұсыныстарын жеткізді. Өңірлердің экономикалық ерекшеліктері әртүрлі болғандықтан орын алған мәселелер, ұсыныстар да түрлі болды. Жоба жетекшілерінің айтуынша келесі жылы бизнес- тренерлерге қойылатын талап күшейтіледі.

Шара барысында 6 лекті сәтті аяқтаған бизнес-жаттықтырушылар «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атынан алғыс хаттармен марапатталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер