astana-view

Фармация және медициналық қызмет көрсету жұмыс нәтижелерімен бөлісті

2017 жылғы 27 Желтоқсан
9670 просмотров

Фармациялық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызмет көрсету комитеті жыл қорытындыларымен бөлісті

25 желтоқсан «Атамекен» алаңында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқалығының фармацевтика, медицина өнеркәсібі және медициналық қызмет көрсету комитетінің отырысы өтті. Отырысқа «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева төралқалық еттіп, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрлі Алексей Цой қатысты.

Күн тәртібі аясында фармацевтика саласының даулы мәселелері, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге байланысты мәселелер, денсаулық сақтау объектілерінің мемлекеттік жекеменшік серіктестік және сенімді басқару мәселелері көтерілді.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева отырысты ашып, сөз сөйледі.

«Бүгінгі отырыс жылдың қорытындысы жасалатын күн деп айтсақ та болады. Әрине, мұның барлығы комитеттің, оның мүшелерінің, министрліктермен бірлесе жасалған үлкен жұмыстың нәтижесі. Өкінішке орай, белгілі бір сұрақтар шешімін таппады. GMP және GDP, отандық тауар өндірушілердің өнімдерін бағалау бойынша сараптама әдістерін жеңілдетудің түзетулерін бекіту сұрақтары шешімін таппаған мәселелер қатарында.», – деді Юлия Якупбаева.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасының орынбасары қазіргі таңда өндірушілердің 28%-ы GMP кәуілігін алып, 6%-ы GDP кәуілігін алғандығын мәлімдеді. Инспекторлардың жұмысының жеткіліксіздігінен комитетте инспекциялар жүргізуге өтініштер қаптап кетті. Берілген мәліметтер берілген куәліктер саны мардымсыз және орныққан жағдайға байланысты мәселені шешу қажет.

Аталған мәселені талқылау барысында отырыс қатысушылары GMP және GDP мәселесі бойынша уақыт ауқымын анықтау қажеттігі өте маңызды екендігімен бірауыздан келісті. Сонымен қатар, Ұлттық палата алаңында GMP және GDP стандарттарын алу рәсімдерін түсіндіру бойынша бірлескен жұмыс жасау келісіліп, алғашқы жиынды 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін өткізу жоспарланды.

«Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның барлық аймақтарынан фармацевтика саласының өкілдерін GXP халықаралық стандарттары бойынша оқыту курстарын өткізуге дайын», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрлі Алексей Цой.

Юлия Якупбаева фармацевтика саласының мәселелерін талқылау барысында жауапты тұлғаларды бекіте отырып, Жол Картасын құрастыру маңызды екендігін айтты.

Талқылау барысында отырысқа қатысушылар «Атамекен» ҚР ҰКП мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен шешімі бойынша 2020 жылға қалдырылған міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу маңызды екендігін айтты.

Юлия Якупбаева міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету, емделушінің электрондық паспорты және көп функциялы ақпараттық денсаулық сақтау жүйесін болмай мүмкін емес.

«Медикер» ЖШС Басқарма төрағасы міндетін атқарушы Айгүл Сегізбаева жекеменшік сектордың тиімді жұмыс жасауы үшін артық мемлекеттік реттеуді, әкімшілік кедергілерді алу және мемлекеттік ақпараттық порталдарға жекеменшік медициналық ұйымдар жүйесіне ақпараттардың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету қажет деді.

Аталған мәселені талқыға салудың нәтижесі халыққа қызмет көрсету барысында ақпараттық жүйелерді енгізу, сапаны жақсарту, міндетті және ерікті медициналық сақтандыру құжаттарының тасымалдану барысын мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін Жол картасын әзірлеу шешілді.

Сонымен қатар, қатысушылар талқылау барысында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік мәселесін назардан тыс қалдырған жоқ.

«Атамекен» ҚР ҰКП ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе қазіргі таңдағы бизнесті кеңейту мен жақсартудағы тиімді жолдардың бірі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын белсенді түрде енгізе бастады. 2018 жылы Комитеттің негізгі жұмысының бағыты денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (МЖС) даму болатындықтан  МЖС жылы болып есептеледі», – деді Комитет төрағасы Жамболат Сәрсенов.

Өңірлердегі денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға көп көңіл бөлінеді. МЖС жобаларын жоспарлау соған сәйкес жүзеге асатын болмақ.

Жамболат Сәрсенов айтуынша биылғы жыл бизнес қауымдастықтар мен мемлекетті органдардың бірлескен жұмысы нәтижесінде өте көп жетістіктерге жеткен жыл болғандығын айтты.

«Бүгінгі отырыста аталған мәселелер келер жылы денсаулық сақтауда саласында назарда болатын негізгі бақыт болады», – деді Комитет төрағасы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер