astana-view

Астана кәсіпкерлер палатасы мен қалалық сот бизнесті бірге қорғайды

2018 жылғы 03 Қаңтар
- Астана қаласы
7662 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы мен Астана қалалық соты өзара іс-қимыл жөніндегі меморандумға қол қойды

Екі тарап бір-біріне Жаһандық бәсекелік қабілеттілік индекстіндегі көрсеткішті жақсартуға қатысты жүйелі де стратегиялық мәселе бойынша сараптамалық және ұйымдастырушылық көмек береді.

«Өзара байланыстың негізгі бағыттарында кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесі мен құқығына қатысты заңнаманы жетілдіру, кәсіпкерлер қатысатын сот істерін қарау кезінде олардың құқықтары мен мүдделерін ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бар», - деді Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов.

Мұнымен қоса, тараптар шаруашылық субъектілерінің арасындағы дауларды сотқа дейінгі қарауда және баламалық тексеруде әдістемелік және құқықтық көмек көрсетеді. Сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілеріне «Электронды сот төрелігі» сервисі арқылы сот жүйесінің қызметі туралы ақпарат беруді арттыруды және елорда бизнес-қоғамдастығының қатысуымен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруды көздеп отыр.

Қол қою салтанатында Астана қалалық сотының өкілдері палата сарапшыларына «Электронды сот төрелігі» сервисінің мүмкіндіктерін таныстырды. Аудио-бейне тіркеу, бейне-конференция байланысы, электронды хабарлама, «Талдау» форумы және т.б. сервистердің қызметін көрсетті.

«IT-технологияның инновациясын сот жүйесіне енгізу «Сот еркіндігі» индексі бойынша дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі көрсеткішті жақсартуға ықпал етеді», - деп сенім білдірді Астана қаласы сот алқасының төрайымы Алма Есімова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер