astana-view

Онлайнға басымдық берілді: Кеден кодексі өзгерді

2018 жылғы 09 Қаңтар
7504 просмотров

1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы» кодекс пен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасы күшіне енді

Кәсіпкерлер үшін экспортты онлай-декларациялауды енгізу арқылы кейбір процедуралар қысқартылды. Кеден кодексі адам факторын мейлінше азайтуды қарастырады, яғни лауазымды тұлғаларды қатыстырмай, ақпараттық жүйелер арқылы тауарды автоматты түрде шығаруды көздейді.

Бизнеске жеткізілетін кеден бажы мен салығын төлеудің мерзімін ұзарту мүмкіндігі беріледі:

Төлем мерзімін ұзартуды бергені үшін 1 айға дейін пайызымен төлеуге (бөліп төлеу) – сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың барлығына;

6 айға дейін пайызсыз – Кодексте бекітілген тауарлардың белгілі бір санатына (мемлекетітк тапсырыс пен ауыл шаруашылығының қажеттілігі аясында).

DUTY FREE арқылы тауар сатып алу және сатуды тек ЕАЭО-ның бір елінен екінші еліне келетіндер жүзеге асырады.
  • Тауар шығару мерзімі қысқартылды:
  • Декларацияның тіркеу уақыты 2 сағаттан 1 сағатқа қысқарады;
  • Тауар шығару уақыты – 1 жұмыс күнінен 4 еңбек сағатына дейін.

Кеден декларациясын түзетудегі тәсіл жеңілдетілді, кеден декларациясына тауар шығарғанға дейін өзгертулер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігі берілді;

Кеден төлемін төлеуді қамтамасыз ету көлемі қысқартылды – 1 млн еуродан 500 мың еуроға дейін;

Үш типті куәлікті енгізумен уәкілетті экономикалық операторлар институты жетілдірілді.
  • І тип – Еуразиялық экономикалық одағының барлық аумағында тауарлардың транзиті кезінде оңайлатуларды қолдануға мүмкіндік береді.
  • ІІ тип – тауарларды тікелей Қазақстан Республикасы аумағында кедендік тазарту кезінде оңайлатуларды береді.

ІІІ тип – уәкілетті экономикалық операторлардың бірінші және екінші типтері үшін ұсынылатын кешенді оңайлатулармен қолдануға мүмкіндік береді.

Шағын және орта бизнес үшін кеден органдарының кеден төлемін өтеуге және кедендік бақылаудағы тауарды табуға талап қою мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылды.

Бос қойма, кеден қоймасы, өз тауарын сақтайтын қойманы ашқанда талаптар алынып тасталды:
  • Тиейтін-түсіретін техникасының болуы;
  • Кеден органымен келісілген орынжай, ғимарат, аумақтың үлгісі мен сызбанұсқасын беру.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер