astana-view

Бизнес Астана халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін зерттеуде

2018 жылғы 10 Қаңтар
9775 просмотров

10 қаңтар күні «Атамекен» алаңында «Astana International Exchange (AIX) листинг ережелері мен шарттары. Астана халықаралық қаржы орталығындағы (АХҚО) салық салу мәселелері» тақырыбындағы отырыс ұйымдастырылды. Отырысқа «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов, ҚР Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті мүшесі, депутат Екатерина Никитинская, AIX Басқарма төрағасының орынбасары Әмина Тұрғұлова, мүдделі тараптар мен өкілдер қатысты.

АХҚО қатысушыларға ұсынып отырған салық жеңілдіктері жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға да қарастырылғандығы отырыс барысында атап өтілді. Кейін табысқа өзгерту мүмкіндігі бар 2066 жылға дейін КТС (корпоративтік табыс салығы) мен ЖКС (жеке кіріс салығы) босату жеңілдіктердің бірі болып табылады. АХҚО листингіндегі бағалы қағаздар бойынша үлеспайда ретіндегі табыс көздерін және АХҚО листингіндегі орналасқан облигацияларына сыйақы ретінде қолдану мүмкіндігі бар.

Салық кодексіне сәйкес бағалы қағаздардың құнына байланысты табыс өсуі ешқандай мерзімдік шектеусіз KASE қатысушыларымен қатар жалпы ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Конституциялық заңға сәйкес АХҚО ресми ағылшын тілі болып бекітілді. Қолданушылардың қолдану ыңғайлылығы үшін ақпарат орыс, қазақ және қытай тілдерінде беріледі. Жұмыс шетелдік және отандық инвесторларға бағытталғандықтан және халықаралық алаң болатындықтан құжаттар тапсырысы ағылшын тілінде жүзеге асырылады. Алайда, ақпарат ауқымын көбейтуді қалаған кез-келген эмитент инвесторларға қосымша орыс, қазақ және қытай тілдерінде аударманы ұсына алады.

Astana International Exchange өкілдеріне «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов биржада жұмыс жасауға ниетті компаниялардың ең аз дегенде 4 млн АҚШ доллары капиталдануы тиіс ақпараты қаншалықты рас екендігі жайында ақпарат беруді сұрады.

«Компанияның жалпы капиталдануы 1 млн-нан төмен болмауы және минималды тұрғыда 250 мың доллар орналастырылуы тиіс. Яғни шағын компанияларға да қатысуға мүмкіндік жасалған. Тек компания тым кішкентай болып, нарықтағы өтімділігі болу үшін маркет мэйкер жалдауға дайын болмаған жағдайда биржа шағын компанияларды орналасуға ұсынбауы мүмкін», – деді AIX Басқарма төрағасының орынбасары Әмина Тұрғұлова.

Отырыс барысында потенциалдық инвестор мәселесі де талқыға салынды. AIX өкілдерінің айтуынша географиялық тұрғыдан шығысқа да, батысқа да ашық болу саясаты ұсталады. Локация институционалдық және үлестеме инвесторлар арқылы жүзеге асырылу жоспарда. Осы арқылы нарықта табиғи тепе-теңдік ұстау мақсат етілді.

«Біз шетелдік және отандық инвесторларға бағытталған жұмыс жүргіземіз. Қазақстандық инвесорларға байланысты үстеме арқылы жұмыс жасайтын компаниялар инвестиция жасауға дайын. Мәселе табыс табу, жұмыс жүргізу құралдарында болып тұр. 2016-2017 жылы банктердің үлестеме депозиті 25 млрд АҚШ доллары болып тұр. Осы үлкен сомманың белгілі бір бөлігі қор нарығына құйылатын болса, біздің нарықты дамытуға жақсы көмек болар еді», – деді Әмина Тұрғұлова.

Дегенмен, қазақстандық институционалдық инвесторлар мәселесі қолға алыну тиіс. Инвест банктердің жоқтығы, сақтандыру компаниялары мүмкіндіктерінің шектеулі болуы, сақтандыру компанияларының инвестициялары сынды шешілуі тиіс мәселелер баршылық.

AIX Басқарма төрағасының орынбасары шетелдік тәжірибе мен инвестициялардың келуі арқылы жоғарыда аталған мәселер шешімін табатындығына сенім білдірді. Қазіргі таңда Қытай және Батыс елдері тарапынан белсенді қызығушылық білдіру байқалады.  

Кәсіпкерлерді қатысуға дайындау үшін қазіргі таңда бар шарттар мен талаптар анықтау мақсатымен инвесторлармен кездесулер ұйымдастырылып, нақты әрбір жағдайда өзіндік келісімдер болатындығы айтылды. «Жібек Жолы» қоры ірі көлемді бағдарламаларға бағытталған жұмыс атқарады. Дегенмен, Қытайдың инвестицияларын диверсификациялай аратын бірқатар қаржы ұйымдарымен жұмыс жасаймыз және олар жеңіл бағдарламаларды қарастыра алады.

Қазіргі таңда AIX қатысушыларға арнап потенциалды инвесторлардың тізімі мен талаптары, қызығушылық білдіретін салаларына байланысты құжат дайындауда. Отырыс барысында тараптарды қызықтыратын бірқатар мәселелер талқыға салып, кәсіпкерлердің көкейіндегі сұрақтар тізімі қысқарды.

«Келесі жолы мәселеге эволюциялық тұрғыдан қарауды ұсынамын: бизнеске капитал қажет болғандықтан бағалы қағаздарды шығару ережелерін егжей-тегжей түсіндіру, ақпаратты өңірлерге дейін жеткізу қажет. Барлық ерекшеліктерді ескеру үшін жұмыс жоспарын толық қарастыруды ұсынамын», – деді Рустам Жүрсінов.

Өз кезегінде АХҚО өкілдері отырыс барысында талқыланған мәселелерді ескере, барлық ерекшеліктерді қарастырып, егжей-тегжей ақпаратты ұсынуға дайын екендігін айтты.

«Бизнесті белсенді қатысуға шақырамыз. Сұрақтар мен ұсыныстар болған жағдайда «Атамекенге» жолдасаңыздар, келесі отырыстарда ашық талқыға салып, ескеруге дайынбыз», – деп жиынды Екатерина Никитинская қорытындылады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер