astana-view

Есептік бақылау құралдар жүйесі неге тиімді жүзеге аспады?

2018 жылғы 12 Қаңтар
10725 просмотров

2018 жылдың басында Қазақстан нарығында жанар-жағармай материалдары тапшылығы жағдайы орын алуы мүмкін еді. Алайда, мәселенің қалайша алдын алғандығы жайында «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің төрағасы, «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешенінің ұйымдар қауымдастығының төраға кеңесшісі Данияр Абылғазин мән-жайды анықтап берді. 

- «Өнеркәсіп және мұнай өнімінің жекелеген түрлері айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР заңының талаптарына сәйкес мұнай өнімдерін өндіру мен жүзеге асыру онлайн режимде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті уәкілетті органына ақпаратты беру арқылы есептік бақылау құралдары арқылы жүргізілуі тиіс еді. Аталған талаптар 2017 жылдың 1 қаңтарынан мұнай өңдеу зауыттарына және шағын мұнай өңдеу зауыттары, ал мұнай базалары мен автокөліктерге жанармай құю станцияларына байланысты 2018 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді.

Заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер есептік бақылау құралдарын міндетті орнату шартын жою және автокөліктерге жанармай құю станциялары үшін есептік бақылау құралдарын орнату мерзімдері өзгертілді:

  • еліміздің астанасы аумағында орналасқан, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардағы автокөліктерге жанармай құю станциялары үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан;
  • қалған автокөліктерге жанармай құю станциялары үшін 2021 жылдың 1 қаңтарынан мерзімдері бекітілді.

- Өзгерістер енгізудің алғышарттары болды ма?

- Есептік бақылау құралдар жүйесін енгізу мәселесі бірнеше жылдар бойы мемлекеттік орган мен нарық субъектілері қатысқан отырыстарда талқыға салынғандығын айта аламын. Аталған мәселені жүзеге асыру мақсатында шешілуі тиіс техникалық, қаржылық және құқықтық мәселелердің тізімінің ауқымына байланысты заңнамалық ережелерді күшіне енгізу мерзімдерін бірнеше рет кейінге қалдырылды.

«Атамекен» ҚР ҰКП, «KAZENERGY» қауымдастығы, Отын қауымдастығы және т.б нарық қатысушылары мәселені жан жақты қарастырып, Қазақстандағы жанар-жағармай материалдарының көлеңкелі айналымын төмендету саласына байланысты сәйкесінше мемлекеттік органның қойған талабына сай жанар-жағармай материалдары айналымының нарық қатысушыларының көңілінен шығатын жүйелі шешімі ұсынылған болатын. Дәлірек айтатын болсақ, есептік бақылау құралдарын орнатуға байланысты техникалық мәселелерінің шешімін тауып, шешу және жанар-жағармай материалдары айналымындағы тізбек бойынша жүкті түсіру мен қабылдау сенімді есебі негізінде жүйе ақпаратты қабылдау мен жөнелтуге дайын екендігін растау қажет.

Сонымен қатар, заңнаманың осыған дейінгі есептік бақылау құралдары талаптарына сәйкес уақытылы орнатылу мүмкіндігі нарықтағы есептік бақылау құралдары қажетті санының болмауына және аталған бағдарламаның жүзеге асыру мерзіміне байланысты компанияның жоспардан тыс қосымша шығындары шығу бойынша және т.б. мәселелері пайда болды.

Алайда, ең бастысы есептік бақылау құралдар жүйесін енгізу барысында мемлекеттік органдарға берілетін ақпараттың дұрыстығы мен сенімділігін ешкім анық айта алдмайды. http://atameken.kz/ru/news/26195-daniyarabulgazin

2017 жылы мемлекеттік орган, мұнай базалары, «Атамекен» және автокөліктерге жанармай құю станциялары қатысуымен бірқатар отырыстар өткізіліп, аталған мәселелерге байланысты ашық түсінік пайда болды. Жасалған жұмыс нәтижесінде жұмыс барысына қатысушылар қажет ететін ақпараттың ауқымдылығы мен ақиқатқа сәйкес емес болуы және қолданыстағы бақылау жүйесінің қосарланушылық орын алуда. http://atameken.kz/ru/news/27394-k-neftyanomu-kollapsu-privedet-ustanovka-kontrol-nyh-priborov-ucheta

Біздің есептерге сәйкес шығындарға байланысты мұнай базаларында есепетік бақылау құралдарын сатып алулар сәйкесінше талаптарына сай 59 млн теңге болса, автокөліктерге жанармай құю станциялары үшін 8 млрд теңге. Есеп құралдарын алу шығындарынан басқа, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік сараптама, өндірістік қауіпсіздік сараптамасы, құрылыстардың аттестациясы сынды қосымша шығындарға алып келетін әрекеттер баршылық.

Операторға ақпаратты беру болашақ операциялық шығындарды ескеру қажет және қазіргі уақытта нақты саны анықталмағанымен алғашында бір есептік бақылау құралдары 75 мың теңге болып есептелді. Қазіргі уақытта мұнай базаларында 20-ға жуық есептік бақылау құралдары бар (Болашақта бір есептік бақылау құралдарына 15 мың теңге көлеміндегі сомма қарастырылу ұсынылды).  Бизнес тарапынан сомма 5 мың теңге көлемінде болуы тиіс ұсытанымы айтылды (бұл арада кассалық бақылау машиналарын енгізу тәжірибесі ескерілді).

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде, менің ойымша, заңнамаға өзгерістер енгізу шешімі дұрыс болды. Орнаған жағдайға байланысты мемлекеттік органдар тарапынан түсінік бар.

- Мұнай өнімдері нарығындағы субъектілер үшін жағдай өзгермеген уақытта мәселенің салдары қандай болар еді?

- Өнеркәсіп объектілерін есептік бақылау құралдарын қамту талаптары жаңа емес, бірақ тек компанияларда ғана емес, талаптардың өзге салдарында да техникалық, қаржылай және ұйымдық анық түсінік болған емес. Талаптардың заңнамалық күшіне енген уақытта аталған бағдарламаны тәжірибелік негізде жүзеге асыру басты шарт болған есептік бақылау құралдарын енгізу Ережелерін дайындау мен келісу бірнеше жыл уақыт алды.

Одан өзге, тек 2017 жылы ақпараттар операторы формат пен талаптар реттеу бойынша нұсқаулық әзірленгенімен, есептік бақылау құралдары осыған дейін бекітілген операторлар жүйесінің үйлесімділігі жайында ақпараттар толығымен таралмаған. Осы уақытқа дейін сенімді ақпарат алу мәселесі шешімін таппай тұр, яғни жүйе жетілдірілуде.

Сонымен қатар, компаниялардың мәлімдемелеріне сәйкес толық дайын болмау себебінен осы заңнамалық өзгерістер енгізілмеген жағдайда өздерінің қызметтерін тоқтатуға мәжбүр болар еді. Ал бұл ел аумағындағы жалпы саны 359 мұнай базалары мен 3328 автокөліктерге жанармай құю станциялары болып тұрғанын ескергенде, жанар-жағармай материалдары нарығындағы ауыр жағдайға алып келер еді.

Ескі күйіндегі есептік бақылау құралдар жүйесін енгізу жанар-жағармай материалдары бөлшек саудасындағы тұтынушыға бағаның көтерілуіне алып келетінін ескеру қажет.

- Енгізілген өзгерістер аясында жанар-жағармай материалдар заңсыз айналымы үстінен мемлекеттік орган тарапынан бақылау әлсіреп қалмайды ма?

- ҚР жанар-жағармай материалдар айналымын қолданыстағы бақылау мен мониторинг жасау жүйесін ескере, аталған бағыттағы мемлекеттік орган тарапынан бақылау еш өзгермейді. Қазіргі таңда көтерме сатудың барлығы мұнай өнімдері айналымы саласында ілеспе құжатты уәкілетті органға электрондық түрде тапсыру арқылы жүзеге асады. (онлайн)

Автокөліктерге жанармай құю станциялары бойынша үлестеме сауда кассалық-бақылау машиналарында жүргізіліп, барлық ақпарат онлайн енгізіледі.

Аталған жағдайда есептік бақылау құралдар жүйесі бақылау қызметінің қосарлау болып саналады. Өз кезегінде қазіргі уақытта құқық қорғау органдарында жекелеген нарық қатысушыларын адал емес жұмыс жасаған жағдайда жауапқа тарту үшін барлық заңнамалық құралдар бар.

Қорыта келе, «Атамекен», салалық қауымдастықтар және нарықтың өзге қатысушылары жанар-жағармай материалдар нарығындағы өз ұсыныстары арқылы мемлекеттік орган бақылауын әлсіретуді емес, Қазақстан экономикасының аталған саладағы көлеңкелі айналымын төмендету бойынша  ҚР Үкіметінің барлық ұсыныстары мен бастамаларын қолдауға дайын болып, құқықтық қорғауды жетілдіру мен бизнес-қауымдастықтар үшін іскери қатынастарды жақсарту басты мақсаты болып табылады. 

- Сұхбатыңызға рақмет!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер