astana-view

ҚР Қорғаныс министрлігі бизнес алдындағы қарызын өтеуге уәде берді

2018 жылғы 25 Қаңтар
8318 просмотров

ҚР Қорғаныс министрлігі және ҚР Ішкі істер министрлігінің қарыздары салдарынан кәсіпкерлер шығынға батты

25 қаңтар күні «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңес отырысында мемлекеттік органдардың заңға қарсы әрекеттері талқыға салынды.

«Ұлттық палатаға кәсіпкерлер заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымдар түсіруде. Түске өтінімдерді сараладық. Бүгінгі талқылауда солардың бір-екеуін қарамақпыз. Кәсіпкерлердің мүддесі мемлекет тарапынан тапталмау керек», – деді ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов.

Аталған шараға Қазақстан кәсіпкерлерінің құқытарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов, мемлекеттік орган өкілдері, қоғам қайраткерлері, бизнес-қоғамдастық, сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Ішкі минитсрлігі өкілдері мен зардап шеккен кәсіпкерлер қатысты. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша мән-жайды «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаменті директоры Олег Савеленко баяндап берді.

«2016 жылдың желтоқсан айының соңына қарай  ҚР Қорғаныс министрлігі кәсіпкерлермен  бұрын жасалған негізгі шарттар бойынша қосымша келісімдерге қол қойған болатын, онда 2017 жылдың қаңтар айынан бастап ақпан айына дейінгі кезеңде, яғни байқау процедуралары шешілгенше, кәсіпкерлер әскери бөлімшелерге әскери қызметшілерді тамақтандыруға міндеттелді», – деді Олег Савеленко. 

Алайда, қызмет көрсету жасалған соң ҚР Қорғаныс министрлігі орындалған жұмыс актілеріне қол қоюдан және кәсіпкерлерге жасалған қызметтері бойынша ақша төлеуден бас тартты, салдарынан бизнес қаржылық шығынға батып отыр.  Өзінің бұл әрекетін мемлекеттік орган шарттың қазынашылық органдарда уақытында тіркелмегендігімен түсіндіреді.

Осымен қоса шарт талаптарын бұзылып, кәсіпкерлер айтарлықтай қаржылық тығырыққа ұшыраған. Қазіргі таңда шамамен 200 млн теңге көлемінде шығынға батқан 11 шағын және орта бизнес субъектісі жайында мәлімет бар. Осы ретте келтірілген шығын қызмет көрсету бойынша төленбеген сомамен ғана емес, сондай-ақ қызметкерлерге уақытында еңбекақыны беруге, салық төлеуге, несие өтеуге де кедергі етіп отыр.

   Тұра осындай жағдайға Оңтүстік Қазақстан облысының  "Өндіріс ҚұрылысТехМонтаж" компаниясы да ұрынған. Кәсіпорын 2012 жылы Шымкент қаласындағы ІІМ мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша байқауды ұтып алады. Бірақ жөндеу жұмыстары үшін ақы ала алмайды. Компания директоры Руслан Өтешевтың айтуынша осы міндеттерді орындамау фирманың түбіне жетті.

«Егер бұл істер соттарда қаралып жатса, біздің араласып жатқанымыз дұрыс па?», – деп сұрақ қойды Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Жанат Ертілесова.    

«Иә, әрине, егер іс сот қарауында болса, біз белгілі бір шешім шығаруға құқылымыз. Біз («Атамекен» – ред) мәселенің тағдырын шешетін шешім қабылдай алмаймыз. Біздің шешімдеріміз тек үсыныс ретінде қабылданады, осылайша қоғам  және мемлекеттік органдар орын алып отырған өрескелді реттесе екен, қарызды өтесе екен деген оймен», – деп жауап берді Кеңес төрағасы.

Астана қаласыныңы Адвокаттар алқасының адвокаты Мұхтар Қожахметов Астана сотының кәсіпкерлерді қолдағанын жеткізді.

«Өзінің бұл әрекеттерімен министрлік мемлекет беделін түсіріп отыр. Кеше ғана Астана қаласы соты Қаржы минитсрлігне қарасыт біздің позициямызды қолдап, экономикалық соттарды алып тастады. Сот қарызды әскери бөлімшеге өтеуді орындау туралы шешім қабылдады», – деді адвокат.

 Мұхтар Қожахметовтың айтуынша қазынашылыө органдарға осы мәселеге назар аудару керек екені айтты, осындай мәселе орын алмау үшін келісімдерді түркеу бойныша ішкі бақылауды немесе басқа процедураларды күшейтуді ұсынды.

 «Біз өзіміздің міндеттерімізден бас тартпайтынымыз жайында мәлімдейміз. Аталған мәселе, өкінішке орай жүйелі түрде орын алады. Оның шешімі мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттарды тығыз жағдайға бір дереккөзден шығару әдістерін қосу арқылы заңнамалық базаны жетілдіруде жатыр. Мұндай жағдай неліктен орын алды? Өйткені қолданыстағы келісімшарттар 2016 жылдың 31 желтоқсанында күшін жойды, сондықтан қосымша келісімдер жасалды.  Шарттардың заңдық күші жойылған уақытта кейбір сомалар қалған болатын, осы шарттарды бұзуға тұра келді. Солай жасалды да, алайда қосымша шарттарды жасарда қазынашылық органдар біздің өтінішті қабылдамады», – деді  ҚР Қарулы Күштері Мемлекеттік сатып алудың бас басқармасының бастығы Александр Степаненко

Сұрақтар легінен кейін талқылауға қатысушылар қорытынды жасады. Шара барысында Кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов ҚР Қорғаныс министрлігі және ҚР Ішкі істер министрлігінің бұл әрекеті келісім ді қатынастарда сенімді серіктес ретіндегі мемлекет беделіне нұқсан әкелетінін айтты.

 «Мұндай әрекеттер қызметтік міндеттерге қылмысты-немқұрайды қарау болып бағалануы тиіс, олардың соңы көп миллионды шығынға әкеледі, тиісінше іс қылмыстық заңнама негізінде қаралауы керек. ҚР Қорғаныс министрлігіне қатысты материалдарды сәйкес тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін қарау үшін Бас әскери прокуратураға жолдауды, ал ҚР Ішкі істер министрлігі ісін – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жолдауды ұсынамын», – деді Қайырбек Сүлейменов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер