astana-view

«Атамекен» «Іскерлік байланыс» жобасына өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды

2018 жылғы 29 Қаңтар
6381 просмотров

Құрметті кәсіпкерлер!

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сіздерді «Іскерлік байланыс» жобасына қатысуға шақырады

«Іскерлік байланыс» жобасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетел серіктестермен іскерлік байланыс орнату арқылы экономиканың басымдыққа ие секторларында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған. Аталған жобаның қатысушылары болып шетел серіктестермен іскерлік байланыс орнатқысы келетін компанияның жоғары және орта буыны жетекшілері қатыса алады.

Жобадағы оқыту екі кезеңнен тұрады:

1-кезең: біліктілікті жоғарылату және кәсіпкерлік жүргізудің заманауи әдістері, бизнес-серіктестермен іскерлік байланыс орнату бойынша 3 апталық бизнес тренингтер.

2-кезең: сәйкес профиль бойынша шетелдегі кәсіпорындарда тәжірибеден өту және технологиялар трнасферты және жабдықтарды алу, өзара тауар, жұмыс, қызмет түрлерін және т.б. алмасу бойынша  шетел серіктстестерімен әскерлік байланыс орнатудың 4 апталық тақырыптық бизнес-тағылымнама.

Бизнес-тренингтер мен шетел тағылымнамадан өтуге қатысу тегін жүргізіледі.

Толық ақпарат алу үшін Өңірлік кәсіпкерлер палатасына немесе Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарына, сонымен қатар 1432 қысқа нөміріне хабарласуға болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер