astana-view

Бірінші кезең аяқталды: «Астана–1» АҚ айналымы қарқын алуда

2018 жылғы 29 Қаңтар
9042 просмотров

«Атамекенде» бейне-байланыс тәртібінде «Астана–1» ақпараттық жүйесін енгізуге, сондай-ақ ҚР жаңа Кедендік кодексінде қабылдану қарастырылған нормативті-құқықтық актілерді дайындауға қатысты мәселелер талқыланды. Жиын «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директор–Кедендік әкімшіліктендіру департаментінің директоры Дина Мамашеваның жетекшілігімен өтті. Іс-шараға ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті, салалаық қауымдастықтар мен бизнес қоғамдастық, сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысты.

«Астана–1» ақпараттық жүйесін пайдалану барысында Үмітгүл Губашева кеден транзиті және экспорттың кедендік процедураларына қатысты ақпарат, сонымен қатар «Астана–1» ақпараттық жүйесіндегі кейбір бағандарды толтыруға қатысты түсініктеме берді.

«Астана–1» АЖ пайдалануға енгізу мерзімі қайта түзетілді және 2018 жылдың 1 сәуіріне жоспарланғанын атап өту керек. 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе тәртібін пилоттық режимде қосу қарастырылған.

«ҚТЖ-Жүк тасымалдау» АҚ департамент директоры Николай Сушков «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Астана–1» АҚ қызметі аясындағы өзара байланысы жайлы баяндады.

«2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан темір жолының» ақпараттық жүйелері «Астана–1» АЖ алдын ала ақпарат жоспары бойынша біріктірілді. 2017 жылдың 1 қазаны мен 31 желтоқсан аралығында шамамен 65 мың ақпарат берілді, ақпарат алмасудың бұл түрі декларацияның электронды көшірмесінің трансформалауға мүмкіндік береді. Екі жайт қызықтырады: бұл экспорт пен транзит, декларацияны берген соң декларация көшірмесі кедендік жүйесінде белгіленген күйінде қалады, алайда ҚТЖ бергенде кедендік транзиттің мерзімін, индентификация құралдарын көрмейді. Осы жерде қауіп бар», – деп түсіндірді Сушков.

Дина Мамашева «қағазсыз жол жүруге» бірден өту – уақыттың қажеттілігі, бүгінде көлік жөнелтпе құжатында мөрсіз болмайтынын атап өтті.

«Экспорттың кеден процедурасы бойынша электронды декларациялау жүйесі енгізілгенін ескере отырып, кеден органдары мен «Қазақстан темір жолы» арасындағы, атап айтқанда автоматтандырылған түрдегі жабық транзит бөлігінде электронды байланысты қалпына келтіру керек», - деді департамент басшысы.

Электронды декларациялаудың екінші деңгейлі банктермен және салық органдарымен байланысындағы мәселе туралы «Атамекен» ҚР ҰКП кедендік әкімшілік департаменті директорының орынбасары Ирина Аңсарова ақпарат берді.

«Электронды декларацияны енгізгенде электронды түрдегі кеден декларациясын қызметтің түрлі бақылауын жүргізетін барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар тану керек, бұл нормативпен бекітілуі керек. Ұлттық палата электронды түрде құжат бергенде бизнестің құқығы мен міндеті қандай екенін анықтау мақсатында валюта және салық заңнамаларына талдау жүргізді. Валюталық реттеу туралы заңның ешбір жерінде электронды түрде құжат қабылдау қарастырылмаған. Мұнымен қоса, экспорттық-импорттық бақылау жүргізу ережесінде екінші деңгейлі банктер немесе Ұлттық банктің өзі экспорттаушы/импорттаушыдан растайтын құжаттарды талап етуі мүмкін деп жазылған. Заңнамалық тұрғыда электронды цифрлық қолтаңба растаған көшірменің құжатын беру қажет, ал «Астана–1» ақпараттық жүйесінде электронды цифрлық қолтаңба қарастырылмаған», – деп хабарлады Ирина Аңсарова.

Спикер бүгінде кәсіпкер банктер мен салық органдарына өзінің келісімшартының орындалуын қалай растайтыны нақты еместігін айтты. Сондықтан осы мәселе бойынша нақты түсініктеме беру керек дейді.

Жиын қорытындысы бойынша Дина Мамашева Кедендік кодексінде қабылдану қарастырылған нормативті құқықтық актілер бойынша жұмыс барысымен таныстырды.

Сонымен қатар ҚР Қаржы министрлігінің 4 бұйрығының жобасын қарау қорытындысы туралы ақпараттық жариялады:

- Шартты түрде шығарылған тауарларды немесе кеден бажы, салығы және (немесе) пайдалану бойынша шектеу және (немесе) жеткізілетін кеден бажын төлеу бойынша жеңілдікті пайдалануға қатысты тауарларды қарау шарттары мен мақсатын сақтауды растау үшін кеден бақылауын жүргізу кезінде олардың орналасқан орнын растау, сондай-ақ шартты шығарылған тауарларға қатысты тауарларды шығарғаннан кейін кеден бақылауын жүргізу бойынша басқа да талаптарды әрдайым жүргізу ұсыну ерекшеліктерін бекіту туралы;

- Тауарлардың келуі және кеден транзиті және тауарлардың кедендік декларациялаудың кейбір мәселелері туралы;

- Тауарлардың кедндік декларациясы үшін кеден жиналымын салудан босату үшін құжат өткізу ережесін бекіту туралы;

- Жеткізілген кеден бажын бөліп төлеу немесе кейінге қалдыруды беру үшін негіздемесінің және жеткізілген кеден бажын төлеуді кейінге шегеру немесе бөліп төлеуді беру және оны беруден бастар туралы шешім формасының бар екенін растау ережесін бекіту туралы.

Дина Мамшева жиынды қорытындылай келе, «Астана–1» АЖ экспорт және транзит бойынша жұмыс істеу мәселесі жан-жақты қаралғанын атап өтіп, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен кезекті жиында «Астана–1» ақпараттық жүйесінде «импорт» жүйесінде жұмыс істеудің барлық бизнес-процесін (жоспарлар мен олардың жүзеге асуы) таныстыруды сұрады.

«Астана–1» жүйесіне қатысты бастапқыдағыдай сауал көп емес. «Астана–1» ақапараттық жүйесіндегі «экспорт» ішкі жүйесіне мониторинг жүргізу жұмысын аяқталды деп есептеуге болады. Енді «импорт» жүйесінің тесттік режиміне мониторинг жүргізуді бастау керек», – деп тұжырымдады Дина Мамашева.

Хаттама

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер