astana-view

"Бастау Бизнес" тренерлерді шақырады

2018 жылғы 29 Қаңтар
12092 просмотров

Үлкен команданың мүшесі болудан қалыс қалма

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» жобасының ауқымы кеңеюіне байланысты биыл жаңа бизнес-тренерлерді қабылдайтынын хабарлайды.

2017 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында бастау алған жоба Қазақстанның 80 ауданында жүргізілді, ал 2018 жылдан 2021 жылға дейін 160 ауданда өтетін болады.

 «Бастау Бизнес» жобасының мақсаты: Қазақстан аудандарының жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың кәсіпкерлік негіздерін оқыту, сүйемелдеу және бизнес бастамаларын қолдау арқылы жұмыспен қамтылу деңгейін жоғарылату.

Үміткерлерге қойылатын негізгі біліктілік талаптар:  

         - жас ерекшелігі  26 жастан бастап;

- ауылдық жерлерде бастапқы бизнес-жобаларды іске асыру, сүйемелдеудегі тәжірибенің болуы,

- бизнесті жобалау, қаржылық моделдеу, маркетинг негіздері, нарықты зерттеуді білу, бизнеспен айналысуда мемлекеттік реттеу шаралары жайында хабардар болу;

- бастауыш кәсіпкерлермен жұмыс істеуде тәжірибенің болуы, топта 15-70 адаммен, сонымен қатар, жеке адаммен жұмыс істей білу;

-ШОБ мемлекеттік қолдау шараларын білу, оның ішінде бастауыш кәсіпкерлерге арналған қаржылық қолдау қолдаудан хабардар болу;

-ауылдық жердегі нарық ерекшелігі мен бизнестің негізгі түрлерін білу;

-жоғары коммуникативтік біліктілік, оның ішінде менторлық/коучинг, тыңдаушылармен «кері байланыс» орната білу;

-өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бір командада жұмыс істей алу және мемлекеттік органдар, жоба серіктестермен оңтайлы байланыс құру.

Сізден керегі:

  • кәсібилік, жобаға толыққанды ынта беру;
  • ауылда ШОБ дамуына қызығушылық таныту, белсенді позиция;
  •  білім мен тәжірибе бөлісуге дайын болу, сонымен қатар жұмыс барысында үнемі біліктілікті арттыру;
  • Тұрақты түрде оқу жүріп жатқан жерде болу (аудан орталығы, ауыл), лектер арасында қысқа үзілстерді есептегенде.

 Жобадан алатыныңыз:

- ұлттық деңгейдегі ірі әрі қызықты жобадағы жұмыс тәжірибесі;

-қызмет көрсету келісімшарты негізінде тұрақты жұмыс орны (жоба 2021 жылға дейін жалғасады) және кәсіби жетілу.

Бизнес-тренерлерді іріктеу жүйесінің ашықтығы бірнеше кезеңнен  тұрады:

 1-кезең – түйіндеме мен «мен жобаға не үшін қатысқым келеді» тақырыбында  эссе жазып жіберу;

2-кезең – бизнес жобалау, қаржылық моделді құру бойынша біліктілікті анықтау үшін практикалық тапсырма орындау;

3-кезең – тренерлерге арналған 5 күндік тренингке шақыру алу/ тестілеу арқылы кәсіби біліктілікті дәлелдеу (алдағы кезеңнен сәтті өткен жағдайда);

4-кезең – кадрлық резервке тіркелу;

5-кезең – жобаға шақыру алу.

Жобаға қызығушылық танытсаңыз cvbastau@gmail.com электронды почтаға түйіндемеңізді жіберуіңізді сұраймыз.

«Бастау Бизнес» жобасының бизнес-тренері Біржан Серіков:   

«Жобада бизнес-тренер ретінде жұмыс істеу ауыл тұрғындары өміріне басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Олардың күнбе күн қиындықтарға тап болатынын бақылайсыз. Бұл көрініс сені нәтижелі жұмыс істеуге құлшындырады. Тыңдаушыңыз күн өткен сайын жетістікке жетіп жатса, сізді мақтаныш сезімі кернейді. Сонымен қатар бойыңызды жауапкершілік билеп тұрады. Жұмыссыз адам қолдауға мұқтаж. Дұрыс бағытты көрсете білу керек. Көмектесу – біздің негізгі миссиямыз. Содан кейін ғана бизнес туралы айтамыз, өйткені бизнес құрауышында негізгі ресурс – ол тұлға.  Тұлға мықты болған сайын бизнесі де мықты болады. Қазіргі заманда кәсіпкер үнемі білімін жетіліп, өзін дамытып отыру керек. Ең қиын күрес – өзіңмен күрес. Жоба өзіңді өсіруде, біліктілікті арттыруға мол мүмкіндік беріп отыр. Бұл жобаның әлеуметтік маңызы зор, және дәл сен еліміздегі оң өзгерістердің драйвері бола аласың».

  «Бастау Бизнес» жобасының Алматы облысы, Іле ауданының бизнес-тренері Гүлмира Бағжаева:

 «Құрметті  сын-тегеурінге дайын үміткерлер:

Бизнесті жобалау териясынан консультацияларыңыздың нәтижесін көру үшін практикаға өтуге, жобаны сүйемелдеуге, жетістіктерді бақылауға, жаңа бизнес нәтижесін бағалауға  дайынсыз ба?

Жаңа бизнес идеялар, жаңа адамдар, жаңа мақсаттар, жаңа тағдырлардың бастауына жауапкершілік алуға дайынсыз ба?

«Өзгерістер бүгіннен басталады, өзгерістер менен басталады, өзгерістер менің сүйкті ісімнен басталады, өзгерістер адамдарға керек, мен оларға дайынмын» деуге дайынсыз ба?

Сонымен 2017 жылы Алматы облысының өзінде көп нәрсе жасалды: 1312 адам бізге, «Бастау Бизнес» командасына сенді, оқуға келді. Олардың ішінен 285 адам кәсіпкер болып, жалпы 1 млрд теңгеден астам соманы құрайтын қаржыландыруға қол жеткізді. Демек 285 отбасы өз өмірлерін өзгертуге мүмкіндік алды, алда тағы атқарар жұмыс көп. Егер сіз дайын болсаңыз, біз сізді жобада күтеміз!».

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер