astana-view

Интернет-сатушылар кіріс салығынан босатылды

2018 жылғы 30 Қаңтар
7480 просмотров

Онлайн сату қызметін көрсететін кәсіпкерлер корпоративтік кіріс салығы мен жеке табыс салығынан толық босатылу мүмкіндігін алды

30 қаңтар «Атамекен» алаңында электрондық саудада жұмыс істейтін бизнес субъектілері үшін жаңа Салық кодексіндегі өзгерістерді талқыға салды. Отырысқа Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері және өңірлерден кәсіпкерлер видео-конференциялық байланыс арқылы қатысты.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық бақылау департаменті Жеке тұлға әкімшіліктендіру басқарма басшысы Бауыржан Қабдыраш мекеме электрондық сауда субъектілерін әкімшіліктендіру механизмін дайындап, оларға салықтық жеңілдіктер ұсыну мүмкіндігі пайда болды. Біріншіден, басқарма басшысы кәсіпкердің қандай жағдайда электрондық сауда субъектісі болып саналатындығын айтты.

«Үш негізгі шарт бар. Міндетті түрде электрондық келісім жасалуы тиіс. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы сауда жасалуы қажет. Және тауарды жеткізу, яғни бизнестің шабармандық қызмет көрсетуі немесе шабармандық ұйыммен келісім болу қажет», – деді Бауыржан Қабдыраш.

Кәсіпкерлердің интернет арқылы сауда саттықты жүзеге асыруына салықтық жеңілдіктер ынталандырады. Мәселен, кәсіпкерлер корпоративтік табыс салығынан (жеке тұлғалар үшін) және жеке табыс салығынан (жеке кәсіпкер үшін) босатылатын болады.

«90 да 10 принципі сақталу қажет. Жеңілдікті қолдану үшін жылдық жиынтық табыс келісімнің кем дегенде 90%-ы болуы шарт. Оған қоса жоғарыда айтқан 3 міндетті шарт бар», – деді ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық бақылау департаменті Жеке тұлға әкімшіліктендіру басқарма басшысы.

Жеңілдіктерді алу үшін кәсіпкерлерге тауарларды сату қызмет түрінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеуге тұру керек. Комитет қызметтің басталуын немесе тоқтауын хабарлау жобасын дайындады. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық бақылау департаменті Жеке тұлға әкімшіліктендіру басқарма басшысының орынбасары Дина Құсайынованың  айтуынша хабарландыру толтыру жеңіл және қарапайым түрде әзірленді.

«Салық төлеуші аталған форманы келу тәртібімен немесе болашақта лицензиялау мен мемлекеттік ақпарат порталы арқылы ұсынады. Сонымен қатар, Салық кодексі бойынша кәсіпкер төлемдерді қысқарту аясында Мемлекеттік кірістер департаментіне бекітілген мерзімдер мен формалар бойынша ақпаратты ұсыну қажет. Форма жылына бір рет 31 наурызға дейін тапсырылуы тиіс. Бұл арада балама жол бар, әрбір келісім бойынша шот-фактураның электрондық нұсқасын Электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесіне ұсыну», – деді Дина Құсайынова.

Сонымен қатар, Салық кодексіне сәйкес ғаламтор арқылы сауда жасайтын кәсіпкерлердің банк шоттары туралы ақпаратты банктер беруге міндетті. Бұл жұмысты жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті банктермен бірлесе тіркелген салық төлеушілердің тізімі жіберілетін арнайы қызмет көрсетуді дайындау жоспарлануда. Ақпараттар автоматтық түрде жылына бір рет берілетін болады.

«Автоматтандырылған камералық бақылау да жүргізілетін болады. Заң бұзушылық жайында хабарлама кәсіпкерге бірден жеткізіледі», – деді Дина Құсайынова.

Отырыс барысында кәсіпкерлер өздерін қызықтыратын мәселелерге байланысты сұрақтар қойды. Мәселен, карта арқылы төлем жасауды атшабардың өзімен жүзеге асыру электрондық сауда ережелеріне сәйкес болатындығы жайында сұрақ қойылды. Заң бойынша мұндай төлем жасау қолма-қол ақшамен есеп айырысумен тең екендігі айтылды. Мәселе бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі егжей-тегжей қарастыруды қолға алатындығын айтты.

«Атамекен» ҚР ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту департаментінің директоры – басқарушы директор Александр Савидов электрондық сауда бойынша салықтық әкімшіліктендіру мәселесі бойынша пайда болған барлық сұрақтарды Ұлттық палатаға жөнелтуге шақырды.

«Ең өзекті мәселелердің тізімін жасап, әкімшіліктендіру әдістемесін жақсарту үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне жөнелтеміз», – деді Александр Савидов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер