«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Құрылыс кластері сала дамуы үшін керек

05 Ақпан 2018 - Қарағанды облысы
1910 просмотров

Қарағанды құрылыс кластері қарқын алуда

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасында «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ сарапшылар жоба презентациясына арналған «Қарағанды облысы құрылыс кластері» кластер бастамасы бар қатысушыларымен кездесті.

Кездесуде кластер саясатында орын алуы мүмкін мәселелер талқыланды.

 «2018 жылдың мамыры мен тамыз арылығында даму стратегияны нақтылап, қыркүйек айында соңғы кезең– жобаны іске асыруымыз керек», – деді «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ бас сарапшысы Зәуре Нұрғалиева. Сарапшы сондай-ақ,  жоба аясында модульді оқытуға тоқталды.

Қарағанды құрылысшылары айтуынша кластерлі саясатты өңірде 2015 жылы қолға алған. Аталған үдерістің бағыттары мен соңғы мақсаты нақты анықталған болатын. Қоржынымызда нақты өңделген үлгілер де бар. Алайда кәсіпорындар басшыларына кластерлі бастаманын қажет екенін жеткізу қиынға соқты.

 Бүгінгі күні кластер қатысушылары модульді оқытудан өтті.

 «Оқудан кейін менің көзім ашылды. Менің ойымша мұндай серпіліс кластерге қатысушының бәрінде болады. Бұл кластерлі дамуды түсіну үшін жол ашады.  Бізде мүшелікте басқа көзқарастағы, өзге салалардан келген адамдар болады. Бұл жағдай жұмысты қайта құрылымдауға көмектестеді. Сонда біз кластер дамуы бағыытанда қозғаламыз. Модільдік сабақта біздің кеңесші өзгерістерді бастап кешіреміз деп айтқан болатын. Орманға кірген сайын, отын көбейе түседі», – деді Қарағанды облысы құрылысшылар қауымдастығының атқарушы директоры Найля Қайырбекова.

 «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ сарапшыларымен бірге кездесуге Informacion Y Desarrollo сарапшысы шетелдік консультант Мишель Сетьен келді.

 «Кластер айналымды көбейтуге жол ашып, сенімді серіктестер мен клиенттерді табуға көмектеседі. Сонымен қатар кластер инновацияларды дамытуға септігін тигізеді. Өңірдің құрылыс саласының көшбасшысы болуға әлеуеті жақсы, ішкі нарықтан сыртқы нарыққа шығуға мүмкіндік мол», – деді Мишель Сетьен.

Шетелдік сарапшы кластердің территориялық даму, өнімділікті арттыруға әсерін белгіледі, Еуропада танылған испаниялық кластер дамуын мысалға келтірді.

 Кездесу сала жағдайын зерттеу, құндылықтар тізбегі, нарық сегменті, сондай-ақ проблемалық мәселелерді анықтау және даму кедергілерін шектеу мақсатында бейресми сұхбат форматында ұйымдастырлды.

 Айта кетелік, Дүниежүзілік Банктің «Informacion Y Desarrollo» испаниялық компаниясымен бірге шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» атты клестер жобасы 2018 жылдың 29 қаңтарынан бастап дала жұмыстарына кірісіп, Алматы облысына барған. Яғни, далалық жұмыс кластер дамуының барлық қатысушылармен кездесуді көздейді.

Анықтама үшін:

Кластер саясаты Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк арасындағы «Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» ортақ жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба аясында кластерлік бастаманы іске асыру мақсатында кластерлік талдау, мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары және Қазақстан Республикасында кластерлік саясатты одан әрі жүзеге асыруда қажетті негіздер үшін 6 пилоттық территориялық кластерді анықтау жоспарланып отыр.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер