astana-view

Қанат Сахариянов Atameken Business Channel басшысы атанды

2018 жылғы 05 Ақпан
10352 просмотров

 Қанат Сахариянов телеарнаның бас директоры болып тағайындалды   

Осыған дейін Қанат Сахариянов Atameken Business Channel Бақылау кеңесінің төрағасы және «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры қызметінде болды.

 Қанат Сахариянов әр жылдары «КТК» телеарнасының Бас директоры, «Хабар» АҚ агенттігінің Басқарма төрағасының орынбасары, сонымен қатар «Қазмедиа Орталығы» Басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директоры қызметтерін атқарды.

 Atameken Business Channel телеарнасы дамуындағы маңызды қадам ретінде 2018 жылдың қаңтарында телеарнаның Астана халықаралық қаржы орталығы және тәулік бойы ақпарат тарататын телеарнасы бар, іскерлік және қаржылық ақпаратты тарататын әлем көшбасшыларының бірі болып саналатын Bloomberg компаниясымен жасаған үшжақты келісімді атауға болады. Осылайша Atameken Business Channel Астана халықаралық қаржы орталығының ресми серіктесі атанып, Bloomberg-пен бір толқында тікелей ақпарат пен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.  

 Atameken Business Channel – бұл екі қала: Астан мен Алматыдан ақпарат тарататын тұңғыш қазақстандық бизнес телеарна. Atameken Business Channel интернет пен телевизия сынды негізгі контентті платформаларда бар.Телеарна Қазақстанның, сонымен қатар ЕАЭО,ТМД және әлімнің  іскерлік ақпаратын таратушы ресурс. Студияның қонақтары жетекші сарапшылар – бизнесмендер, кәсіпорындар басшылары, мемлекеттік органдар өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары. Atameken Business Channel арнасы  сараптамалық бағдарламалар шығатын, нарық болжамдары мен нарық қозғалыстары сарапталатын, мамандар пікірі мен сарапшы бағалары айтылатын кәсіби мінбер.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер