astana-view

КО-да азық-түлік тауарларына кедендік баж салығының ставкалары төмендеді

2014 жылғы 31 Наурыз
4114 просмотров

Маңғыстау облысы Кедендік бақылау департаменті Кедендік табыс басқармасының жетекшісі Адия Исеналиеваның айтуынша, Ресей Федерациясының тарифтік міндеттемелеріне байланысты Бірыңғай кедендік тарифтерде (БКТ) өзгерістер орын алды. Атап айтқанда, азық-түлікке салынатын кедендік баж салығының ставкалары төмендеп отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Олардың қатарында: ет және балық өнімдері, жеміс-жидек, көкөністер, сусындар мен басқа да азық-түліктер бар. Сонымен қатар аталмыш өзгерістер пластмасса, ағаш және қағаз өнімдеріне, тері, тоқыма бұйымдары, қара металлдан, шыныдан жасалған заттар, аудио- және видеотехникаларға да қатысты болып отыр. 

«Жалпы алғанда, Кеден одағының БКТ номенклатурасы 11 289 тарифтік желіден тұрады, олардың 4 264-і бойынша ставкалар өзгеріп отыр, бұл оның 37,8%-ына тең. Негізінен өзгертулер 5 223 тауарлық субпозицияларды қамтиды», - деп әңгімеледі Адия Исеналиева.

Оның айтуынша, 2014-2015 жылдар аралығындағы жоспарлы кезеңде кедендік-тарифтік саясат Дүниежүзілік сауда ұйымына ену жағдайына сәйкес жүзеге асатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер