astana-view

Атырау облысындағы полиэтилен құбырлары және құбырлар арматурасы зауыты Ресей нарығына шықты

2014 жылғы 31 Наурыз
5916 просмотров

Кедендік одақ отандық кәсіпорындардың аяқ алысын ширатты, деп хабарлайды 24kz.

Атырау облысындағы полиэтилен құбырлары және құбырлар арматурасы зауыты Ресей нарығына шықты. Көрші мемлекеттегі тұтынушы көңілінен шыққан өнімге сұраныс артып келеді. Нарық талабынан шыға білген компания келешекте өндіріс көлемін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

Кәсіпорын жылына 15 мың тонна полиэтилен құбыры мен 2 мың тонна құбыр құрылысына қажет түрлі металлопласиткалық бұйымдар шығарады. Диаметрі 16-200 мм болатынқұбырларға ішкі нарықта сұраныс бұрыннан да жоғары. Енді Кедендік одақтың аясындаатыраулық өнім Ресей нарығына шығарыла бастаған.

Серік Дүйсекенов, полиэтилен құбырлары зауытының директоры:

- Ресейге диаметрі 16-200 мм болатын полиэтилен құбырлары мен фитингілерді жібереміз. Кедендік одақ болмай тұрып тауарды жөнелту өте қиын болатын. Рәсімдеудің өзіне 1-2 апта уақыт кететін. Қазір ондай қиындықтар жоқ.

Кәсіпорын бүгінде өнім түрлерін де көбейтуде. Былтырдан бастап зауыт диаметрі 80-400 мм болатын газ және су құбырларына арналған сына ысырмалар шығара бастады. Он алты атмосфераға дейінгі қысымға төтеп бере алатын ысырмаларға да түрлі компаниялардан қызығушылық бар. Себебі кәсіпорын осы заманғы ең озық технологияға негізделген және мұнда халықаралық барлық стандарттардың талабы сақталған.

Евгений Легин, құбырлар арматурасы зауытының бас менеджері:

- Бұл өнімдердің қызмет ету мерзімі 50 жыл. Біз 10 жылға кепілдеме береміз. Егер осы уақыт ішінде біздің өнімнен бір ақау анықталса, оны тегін ауыстырып береміз. Өндіріске ең озық технологияларды енгізе отырып, Қазақстанның 30 дамыған ел қатарынан көрінуіне өз үлесімізді қосамыз.

Компания күні бүгін керекті полиэтиленді сырттан тасымалдап отыр. Бұл өнім бағасына, жұмыс ырғағына әсер ететіні сөзсіз. Енді мұнайлы өңірде салынып жатқан мұнай-газ химиясы кешені іске қосылса, кәсіпорын өндіріс көлемін арттыруды жоспарлауда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер