astana-view

«Атамекен» турфирмаларға Оңтүстік Кореяға туристерді жіберу процедурасы туралы ескертеді

2018 жылғы 08 Ақпан
6750 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес Корея Республикасына аттандыратын туризммен айналысатын кәсіпкерлердің назарына маңызды ақпаратты ұсынады.

Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасындағы визасыз режим (30 күнге дейін) орнатылғанын ескере отырып, Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға жұмыс іздеп баратын азаматтардың саны артқаны байқалды, нәтижесінде олар сол елде заңсыз негізде қалып, басқа мемлекеттің көші-қон заңнамасын бұзады. Оңтүстік Корея көші-қон қызметінің ресми ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Корея аумағында заңсыз мигранттар ретінде тіркелген азаматтардың саны 2017 жылдың қыркүйек айында 6,5 мыңға жеткен, 2017 жылдың маусым айында 5,9 мың болған.

Өз кезегінде корей тарапы миграция мәселесін реттеу мақсатында Кореяға келген Қазақстан Республикасының азаматтарын тікелей әуежайдан қайтару процедурасын жүзеге асырып отыр.

Осыған байланысты, туристік компанияларлы өз туристеріне әуебилеттерін және Оңтүстік Кореяға туристік ваучерлерді сатып алғанда жоғарыда аталған жағдайды назарға алуды сұраймыз.

Мұнымен қоса, туристер Оңтүстік Кореяға аттанғанда әуежай қызметкерлерінің сұрақтарына дәл жауап беріп, сол елге не мақсатпен барғанын, орналасатын орны, сол елде қанша уақыт болатынын түсіндіруі керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер