astana-view

Міндет айқын және оны шешудің жолдары белгілі

2018 жылғы 20 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
5503 просмотров

Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы мен облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық амыту басқармасы басшылары кездесуіне таяу уақытқа міндет айқындау үшін бас қосты

Кездесуде өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту және бизнес жүргізу жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өңірде кәсіпкерлікті сервистік қолдауды құруға бағытталған қызметті үйлестіру мақсатында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Басқарманың  өзара жұмыс істеу сипаты мен тәртібі нақтыланды.

Өңірде салалық қауымдастықтарды құру және оның қызмет деңгейін арттыру мәселесі де пікір алмасуға арқау болды. Мұнымен қоса, өңірде шағын индустриялық аймақ құру қажеттілігі де талқыланды. Ірі индустриялық аймақта шағын кәсіпкерлікпен енді айналыса бастаған субъектілер үшін орын табылмауы мүмкін. Осы ретте бухгалтерлік және салық есебі, сертификаттау секілді қызметтері орталықтан көрсету үшін шағын индустриялық аймақ ыңғайлы.

Басқосуда Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын тиісті жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

2018 жылдан бастап облыстық Кәсіпкерлер палатасы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту семинарларын ұйымдастырып келеді. Тыңдаушылар таңдалған бизнес бағыттары бойынша бизнес-жоспар дайындайды. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры немесе шағын несие ұйымдары арқылы 6% несие алуға өтінім бергенде, көп жағдайда несие беру мақұлданбайды. Несиелеу тек мал шаруашылығына арналады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасы осындай. Шаштараз, дөңгелек жөндеу, наубайхана секілді бизнестің басқа да түрлеріне несие бөлінбейді.

Талқыланған барлық мәселені шешудің жолдары айқындалып, оған жауапты қызметкерлер де бекітілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер