astana-view

Қазақстанның теңіз флотына даму серпілісі қажет

2018 жылғы 02 Наурыз
8941 просмотров

Теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығының мүшелері түйткілді мәселелерді талқылады

Ақтауда Теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығы мүшелерінің жыл сайынғы жалпы жиналысы өтті. Қауымдастық мүшелері жұмыс қорытындысын, сондай-ақ теңіз көлігімен тасымалдауды, жалпы осы саланы дамытудағы түйткілді мәселелерді талқылады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов кездесуге қатысып, Қазақстанда теңіз көлігі саласын дамыту жөніндегі қауымдастықтың рөлін атап өтті.

«Бүгінде «Атамекен» теңіз көлігі кәсіпкерлері көтеріп отырған теңіз саласындағы түйткілді мәселелерді шешуге ерекше назар аударып отыр, атап айтқанда Каспий теңізіне мұнай төгілуін тоқтату, отандық теңіз тасымалдаушыларының мүддесін қорғау, теңіз мамандарын дайындау және маман әлеуетін дамыту, сондай-ақ ЕАЭО аясында кеме жүргізу туралы Келісімге қол қоюды жеделдету», – деп атап өтті Елдос Рамазанов.

Қазіргі шаққа дейін мұнайды құюға дайындық пен жедел жауап қату мәселесі жер қойнауын пайдалану саласындағы бір уәкілетті органның тар бағыттағы қызметі ретінде қаралып келді.

Алайда, ҚР заңнамасына сәйкес, қазіргі таңда мұнай төгілуін тоқтатуға қатысты талаптар көлік саласындағы уәкілетті органдарға да, төтенше жағдайлар саласына да таралады, «Атамекен» аталған мемлекеттік органдармен бірлесіп мұнайдың кемеден төгілуіне жедел әрекет ету механизмін дайындауға, сондай-ақ мұнай төгілуін тоқтатуға қатыстырылатын ұйымдардың шығынын өтеуге қатысты қажетті жұмысты атқарады. Бұл мәселе маңызды, 2018 жылы ҚР Экологиялық кодексіне ерекше назар аударылады, бұл туралы Ұлттық палата бірнеше рет айқан.

Сонымен қатар ҚР «Сауда мақсатында суда жүзу туралы» Заңының 11-бабына өзгертулер енгізу қажеттілігі де атап өтілді.

Кездесуге қатысушылар отандық теңізде тасымалдаушыларды дамыту мәселесін жеке атады. Өз кезегінде Өнім бөлімі туралы келісім негізінде және Қазақстанда шектеулі уақытта үлкен жобаны жүзеге асыру үшін талап етілетін кеме жоқтығынан ҚР «Сауда мақсатында суда жүзу туралы» Заңына Каспийде филиалдар арқылы Қазақстан туымен шетелдік кеменің жүзу мүмкіндігі бойынша өзгертулер енгізілді. Алайда отандық теңіз флотында даму бар, сәйкесінше салалық заңнамаға тиісті өзертулер қажет.

Теңіз кемелеріне қайта тиеуге тартуға ерекше назар аударылды: себебі олар (құрақ жүк таситын кеме, паромдар) жүк жеткізеді де бос қайтады. Қатысушылар салалық қауымдастықтармен теңіз тасымалдауда тиісті жүк базасымен қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейту қажет шешіміне келді.

«Ұлттық палата бұл мәселе бойынша «Атамекен» Президумының өзге де Комитеттерімен жұмыс істейді. Ұсыныстар дайындалады. Қазақстан темір жолы порт арқылы контейнерлік тасымалдауды толықтай қолдайды, төмендететін коэффициенттер мен жеңілдіктерді қарауға дайын», – деп хабарлады Басқарма Төрағасы.

Сонымен қатар ол Қауымдастықпен бірге Әзірбайжан Республикасында мемлекеттік субсидиялау үлгісінде жүк тасымалдауды жүзеге асырғанда отандық теңізде тасымалдаушыларға мемлекеттік қолдау көрсету бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу  қажеттігіне назар аударды.

«Казмортрансфлот» ұлттық кеме жүргізу кеме компаниясының өкілі отандық және шетелдік кеме жүргізулер үшін бірдей баға болғанын, немесе шетелдік компаниялар үшін тариф көтеру нұсқасы қажеттілігін жеке атады.

Мұнымен қоса теңіз көлігі саласы мамандарының кадрлық әлеуетін арттыру тақырыбы дба қозғалды.

Саланың өкілдері теңіз көлігі саласында маман дайындайтын отандық жоғары оқу орындары түлектерінің дипломдарын халықаралық дәрежеде деп тану мәселесі әрі де түйткілді екенін айтты. Білім беру министрлігі мен инвестициялар және даму министрлігінің тарапынан түсіністік қажет. «Атамекен» тиісті ұсыныстарды дайындап, мемлекеттік уәкілетті органдарға бағыттады.

Өз кезегінде Николай Юдин түйткілді мәселелер «Атамекеннің» арқасында шешіліп келетінін айтты.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында айтылған түйткілді мәселенің барлығы мен оларды шешу жолдары 2018 жылы Су көлігі жөніндегі қосалқы комитеттің Жол картасы енгізілді. Бұл Жол картасын «Атамекен» Төралқасы Логистика және тасымалдау комитетінің төрағасы бекітті», – деп атап өтті Николай Юдин.

«Атамекен» ҰКП «Кеме иеленушілер мен теңіз индустриясы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» коммерциялық емес заңды тұлғалар бірлестігімен бірігуді ұсынды.

«Бірігудің жоқтығы нормативті-құқықтық актілерді сараптамасына, су көлігі саласының дамыту қызметін жүзеге асыруға да кері әсер етеді. Бірігу сала жұмысыннығайтып, оның жаңа деңгейге көтереді», – деді Елдос Рамазанов.

Жалпы саладағы жиі орын алатын мәселенің барлығын шешу үшін Қазақстан Республикасы теңіз көлігі саласын дамытудің тиісті бағдарламасын қабылдау қажет, теңіз порттарының транзиттік әлеуетін Каспий теңізінің шығыс жағалауында мультимодальді көлік түйіні ретінде қолдану тиімділігін арттыру, маман әлеуетін арттыру, теңізде тасымалдаушылар қызметінің нарығын дамыту, Каспийде теңізде тасымалдау қауіпсіздігін арттыру, саланың инновациялық дамыту және тағы басқа мәселелерді қамтиды.

Елдос Рамазанов жұмыс сапары барысында Ақтау және Құрық порттарына барды. Құрық порты Қазақстандағы жаңа және қуаттылығы жағынан екінші порт болып саналады. Болашақта елдің транзиттік және экспорттық әлеуетін арттыруға және Каспий өңірінде бәсекелік қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Құрық портының қызметкерлері атап өткендей, қазіргі таңда жүк тасымалдау көлемі 1 млн тоннадан артты.

Қазіргі таңда порт құрылысының екінші фазасын – автокөліктік құрауышын жүзеге асыру қолға алынған, оны пайдалануға беру жүкті ауыстырып тиеу жылына 7 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Темір және автокөлік жолының болуы Құрық портына бірнеше басымдық береді. Атап айтқанда халықаралық көлік дәлізі арқылы жүк тасымалдаудың мультимодальдығы шартында логистикалық тізбектің негізгі пунктерінің бірі ретінде қалыптастырады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер