astana-view

Қазақстан құрылыс саласында сыбайлас жемқорлық дендеген

2018 жылғы 05 Наурыз
7116 просмотров

6 наурыз күні «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  бойынша кеңестің отырысы өтед

Күн тәртібіне сәулет, құрылыс, қала салу салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді азайту бойынша шаралар мәселесі көтерілмек.

 Құрылыс саласында жемқорлық белен алған. Жоғары лауазымды тұлғалар қатысқан ірі жемқорлық даулар орын алғаны белгілі. «Атамекен» және оның өңірлік палаталарына құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін рұқсат алуда әкімшілік кедергілер орын алатыны жайлы бизнес субъектілерінен көптеп шағым түседі. 

 2017 жылы аудиторлар процедураның бұзылғанын және 8 093,4 млн теңге бюджет қаржысын тиімсіз қолданылғанын анықтады, сондай-ақ 11,4 млн теңге қаржылық бұзушылық орын алғанын анықтады.

Отырысқа Кеңес төрағасы Қайырбек Сүлеймен, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс істері және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық коммитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов, сонымен қатар бейне-байланыс арқылы өңірдің, жергілікті атқарушы органдардың басқармасының өкілдері қатысты.

  Өтетін күні мен орны: 6 наурыз 2018 жыл, сағат 15:00, Астанақ., Қонаев к. 8, «Зүбаржат орамы» «Б» блогы,  «Түркістан», 26-қабат

БАҚ өкілдерін тіркеу 5 наурыз, сағат 20:00-ге дейін жалғасады

«Атамекен» ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті: +7 (7172) 91 93 67, pr@atameken.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер