astana-view

Ауылдағы әйел мәселесі жаһандық мәнге ие

2018 жылғы 13 Наурыз
17185 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдері кеңесі БҰҰ штаб-пәтерінде өзекті мәселелрді талқылады

Қазақстан Республикасының  ресми делегациясы БҰҰ Комиссиясының ауыл әйелдері белсенділігін арттыруға арналған 62-сессиясына қатысты. Аталған сессия 2018 жылдың 10-16 наурыз аралығында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өтуде.

Осындай халықаралық дәрежедегі іс-шараға қатысу ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Абдыхалықова жетекшілігімен ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасы арқылы мүмкін болды. БҰҰ Комиссиясының әйелдер жағдайына қатысты 62-сессиясында қазақстандық делегациясының жұмысы Қазақстанда әйел кәсіпкерлігіне ерекше көңіл бөлінетінін көрсетеді.   

Қазақстан делегациясын ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, ҚР Әділет  Вице-министрі Эльвира Әзімова,   ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің консультанты, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Гауһар Нұрахметова, «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова бастап барды.

 БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш өз сөзінде дәл осы БҰҰ Комиссиясы жұмысында айтарлықтай өсу барын атап өтті.

 Айта кетелік, ауылдық жерде тұратын әйелдер саны дүниежүзі халықтың төрттен бірін құрайды. Олардың көпшілігі ауыл шаруашылығына жұмылған.

 «Ауылда тұратын қыз-келіншектер мәселесін талқылауда өте маңызды тұстар бар. «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі жұмысы үшін қызықты әрі пайдалы болатын ақпарат алдық. Алдыңғы қатарлы тәжірибе бар, соған қарай ұмтылуымыз керек. Комиссия жұмысы өте қарқынды, іс-шаралар тізбегі қауырт. Бұл басқосу тәжірибе алмасу мен жұмыс барысын салыстырудың жақсы мүмкіндігі», – деді ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова.

Айта кетелік, аталған іс-шара Іскер әйелдер кеңесінің халықаралық дәрежедегі бірінші сапары емес. 2018 жылдың 15-16 ақпан аралығында Қазақстан мен Түркия іскер әйелдерінің бірінші бизнес-форумы өткен болатын.   ҚР іскер әйелдер делегациясы құрамында шамамен 50 іскер әйел болды.

 Анықтама үшін:

Қазақстан 2014-2018 жылдар аралығында Комиссия құрамына кірді және Ұйымның әйелдерге қатысты күн тәртібіндегі басты тақырыптарды жан-жақты қарастыруға баса назар аударып, бейбітшілік пен қауіпсіздікті күшейту, тұрақты дамуға қол жеткізу, жоқшылықты жою, ауа-райы өзгерістерімен күресу, адам құқығын қорғау мәселелерін бақылауға алды.

Қазақстан гендерлік теңдік мәселесіне байланысты Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы конвенция, Пекиндік декларация және Іс-қимылдар тұғырнамасы сынды іргелі құжаттарға қосылып, тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру бойынша жұмыс істеп жатыр.

Еске салсақ, «Атамекен» ҚР ҰКП кеңес беруші ұйым ретінде алғашқылардың бірі болып Іскер әйелдер кеңесін құрған болатын. Іскер әйелдер кеңесінің өкілдері республиканың түпкір-түпкірінде қызмет көрсетуге дайын: 16 өңірлік кеңес және аудан орталықтарында 170 кеңес құрылып, оалрды табысқа жеткен әйелдер басқарып отыр.

Іскер әйелдер кеңесінің Facebook ресми парақшасы

https://www.facebook.com/atamekensovet/ 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер