astana-view

Біріңғай техникалық регламент жобасында отандық бизнестің ойы ескерілді

2018 жылғы 19 Наурыз
6974 просмотров

16 наурыз «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында Еуразия экономикалық комиссиясының техникалық реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр) Валерий Корешков пен бизнестің отырысы өтті. Іс-шараға Ресей Федерациясының атынан министрлік өкілдері қатысты.

Делегациямен кездесуге Қазақстан тарапынан мүдделі мемлекеттік орган өкілдері мен кәсіпкерлер келді.

Кездесуге қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақтың «Ғимараттар мен құрылыстар, құрылыс материалдар мен бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің жобасын, аталмыш жобаны жүзеге асырудағы ұсынылған құрылыс нормаларының мәртебесін  талқыға салды.

Қазақстанның бизнес-қауымдастығы бірлесудің маңыздылығын түсіне отырып, ымыралы шешімге келуді қолдайды. Техникалық регламентті талқыға салудың хронологиясына көз жүгіртсек, «Атамекен» ұсынып отырған қайшылықтарды шешудің балама шешімін ерекшелеп айтуға болады.

Ұлттық палатаның алғашқы ұстанымы ғимараттар мен құрылыстардың техникалық регламент жобасынан алып тастау қажеттілігі болды. Мұндай шешім ғимараттар мен құрылыстар өзара сауда жасауда тауар болып табылмайтындықтан, сонымен қатар, мемлекеттік шекараларды қимайтындықтан ұсынылған болатын.

Аталмыш ұсыныс Одаққа мүше мемлекеттер арасында негізді келіспеушіліктер тудырып, ҰКП жобасы екі техникалық регламентке бөлуді қолдады:

  • Еуразиялық экономикалық одақтың «Құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент;
  • Еуразиялық экономикалық одақтың «Ғимараттар мен құрылыстар қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент.

Содан соң Еуразиялық экономикалық одақтың серіктестерінің арасындағы пайда болған дауға байланысты «Атамекен» Одақтың міндетті құрылыс нормалары мен ережелері түсінігі мен қағидасын алып тастаған уақытта техникалық регламент жобасының өзіне ғимараттар мен құрылыстар  қауіпсіздігіне байланысты негізгі талаптарды орнықтырған жағдайда ғимараттар мен құрылыстар, құрылыс материалдар мен бұйымдардың талаптарына байланысты талаптарды біріктіру мүмкіндігі ұстанымын дайындады.

Кездесу барысында қатысушылар ҰКП тағы бір ымыралы шешімін талқыға салып, техникалық регламент жобасын құрылыс нормаларын қолдануда төрт негізгі тәсілге сүйену арқылы жүзеге асыру шартымен қолдауға келісті:

  • Одақтың құрылыс нормалары тікелей әрекет ететін құжат болмайтындығы;
  • Одақтың құрылыс нормалары Одаққа мүше елдердің өзара келісімі негізінде жүргізіледі;
  • Одақтың құрылыс нормалары қабылданып, күшіне енген соң әрекетті жою немесе өзгерістер енгізу бойынша Одаққа мүше елдердің аумағында тек Одаққа мүше елдердің сәйкес уәкілетті органының шешімімен ғана жүргізілетін болады;
  • Одақтың құрылыс нормалары Одаққа мүше мемлекеттермен өзгеріссіз енгізіле алады немесе Одаққа мүше мемлекеттің ұлттық ерекшеліктерін ескере икемделіне алады.

РФ Құрылыс министрлігінің Құрылыстың мөлшерлеу, стандарттау және техникалық бағалау сәйкестігі федеральді орталығының директоры Дмитрий Михеевтің ойынша қазақстандық тараптан ұсыныстар барлық тараптардың талаптарына сәйкес келіп, жүзеге асу үшін мүмкіндіктерге ие.

Қорытындылай келе «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова әзірленген тәсілдердің маңыздылығын атап өтіп, құрылыс нормаларын Одаққа мүше елдердің аумағында Одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті орган сәйкес шешімінсіз тікелей әсер ете алмайтындығына назар аударды.

«Аталмыш тәсілдер құрылыс мәселелерін реттеуде Одаққа мүше әрбір елдің ауа райының, экономикалық, мәдени, құқықтық, табиғи және т.б ерекшеліктерін ескеруге қажет», – деді Дана Жүнісова.

Қатысушылардың пікірінше талқылау мазмұнды болып, біріңғай техникалық регламентін келісуге көмек көрсетері анық.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер