astana-view

«Атамекен» білім беру бағдарламаларының рейтингін дайындау үшін сарапшыларды шақырады

2018 жылғы 19 Наурыз
15267 просмотров

Жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларының өзектілігін бағалайды

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының мазмұнына сараптама жүргізуді жоспарлауда. Рейтингтің басты мақсаты – кадрларды дайындау мен еңбек нарығының білікті мамандарға қажеттілігінің арасындағы алшақтықты жою.

Аталмыш мақсатпен «Атамекен» әртүрлі ұйымдардың қызметкерлері арасынан бағалау-сарапшыларынның базасын дайындап, оларды рейтинг дайындауда атсалысуға шақырады!

Үміткерлерге қойылатын басты талап – мамандық бойынша жұмыс жасау мерзімі 5 жылдан кем болмау тиіс және кандидатураға саланың сенімі болуы қажет.

Білім беру бағдарламаларын бағалау қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде төлем арқылы ұсынылған кесте бойынша жүргізіледі.

Сонымен қатар, аталмыш бастама ҚР Білім және ғылым министрлігінен қолдау тауып, нәтижесінде 2018 жылы «Атамекен» Қазақстанның 2 мыңға жуық білім беру бағдарламаларына бағалауды жүргізетін болады.

ҰКП Басқарушы директоры Олжас Ордабаев жұмыс беруші білім беру контентіне мүмкіндік алу арқылы сәйкесінше баға беріп, ұсыныстар айтуға қол жеткізетіндігін айтты.

«Рейтингтің мәні жұмыс берушіге жоғары оқу орындарында студенттердің алатын білімін, оқу барысында қолданыстағы ұсынылған базаның толықтығын бағалауға мүмкіндік беру. Екіншіден, қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің орташа жалақысы мен жұмыспен қамтылу проценттік көрсеткіштеріне сараптама жүргіземіз», – деді Олжас Ордабаев.

Сарапшылар қатарына кіру үшін үлгі бойынша өтінішті nppatameken@mail.ru электрондық поштасына не сілтеме бойынша жіберу қажет.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 919327, +77073540578

Үміткерлермен барлық мәселелерді егжей-тегжей талқылау мақсатымен жеке кездесу өткізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер