astana-view

Қостанайда еңбек қатынастарын реттеу бойынша келісім жасалды

2018 жылғы 28 Наурыз
- Қостанай облысы
5541 просмотров

Қостанай қаласында  Қостанай облысы әкімдігі, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және кәсіподықтардың территориялық бірлестігі арасында 2018-2020 жылдарға үшжақты келісім жасалды. Тараптар жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбектенушілердің жағдайын жақсарту және өзін жұмыспен қамтығандарды тіркеу туралы келісті

«Облыстық үшжақты комиссияның отырысы тоқсан сайын өтеді. 2017 жылы 5 жиын өтіп, онда 15 мәселе қаралды. Олар еңбекақы бойынша берешек, өндірістік жарақаттануды алдын алу, әлеуметтік және еңбек қатынастарды реттеу, әкімдіктер, кәсіпорын жетекшілері мен  уәсіподақтар арасындағы қатынастарға байланысты», – деді Қостанай облысы әкімдігі Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Гүлнар Әбенова.

 Өзекті мәселелердің бірі – еңбекақы бойынша қарыз. Қостанай облысы Еңбек инспекциясы басшысы Максим Моргуновтың  айтуынша былтыр жұмысшылар пайдасына 120 млн теңге көлеміндегі сома өндірілген. Бүгінгі таңда қызметкерлері алдында қарызы бар бір ғана кәсіпорын бар, аталған кәсіпорын қызметкерлерге әлі 1,1 млн теңге берешек.

Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарды реттеу бойынша облыстық үшжақты комиссияның 2018 жылғы жұмыс жоспарында бұл мәселе бірінші кезекке қойылған.

 Сонымен қатар өндірістік жарақат алу мәселесі маңызды. Статистика қуантпайды, 2017 жылы жарақат алғандар саны 137-ден 142 адамға немесе 3,5%-ға артты. Ең қауіпті аудандар қатарында – Қостанай, Рудный және Жетіқара. Осыған байланысты облыс кәсіпорындарында үйрету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тараптар «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын сәтті жүзеге асыру мақсатында күштерді біріктіруге келісті. Келісудің бір нәтижесі ретінде «Еңбек шартын жасаңыз» атты бірлескен акцияны өткізуді айтуға болады.

 Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевтың айтуынша комиссия жұмысының тиімділігінің айқын көрсеткіші – 2017 жылы еңбек қатынастары саласында құқықбұзушылық бойынша шағымдар мен өтінімдер тіркелген жоқ.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер