astana-view

Қайрат Мәжібаев: Қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз ету - жетілген қоғам кепілі

2018 жылғы 28 Наурыз
9088 просмотров

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Сауда комитетінің төрағасы Қайрат Мәжібаев хабарлады

 «Аталған жағдайда дұрыс тұжырым жасау өте маңызды. Бірінші кезекте бұл қатер сауда орталықтарына ғана емес, көпшілік жиналатын нысандарға да қатысты. Олардың қатарында сауда – ойын-сауық орталықтарымен қоса, ашық және жабық базарлар, стадиондар, спорт сарайлары, вокзал, әуежай, университеттер мен ауруханалар бар. Адамдар анағұрлым көп жиналатын орындарды ойлау керек. Бұл нысандар қалай салынған, бөтелкенің аузындай тар аймақтары көп пе? «А» – жалға алушылар, «Ә» – терминал иелері және «Б» – келушілер арасында тек коммерциялық қатынас емес, сонымен қатар азаматтық-құқықтық қатынастар орын алуы керек. Ал бұл қатынастар әзірге мүлде реттеліп отырған жоқ», – деп атап өтті Қайрат Мәжібаев.

Комитет төрағасы бұл мәселені сауда орталықтарымен ғана шектеу – үлкен қателік екенін айтты.

«Біз барлық тарапты қорғауымыз керек, оның бірден бірі жолы – сақтандыру құралдары. Көпшілік жиналатын нысандардың барлығы категориялар бойынша бөлініп және жаппай талап енгізілу қажет, яғни операторлар өз жауапкершілігін сақтандыруы үшін. Сонда ғана орталықтардың иелері келушілер қауіпсіздігіне қаражат жұмсап, қауіпсіздік жүйесін қалыпта ұстайтын болады. Бұл шараларды мемлекет емес, жеке сектор жасауы тиіс. Аталған жүйе автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруда өз тиімділігін көрсетіп отыр. Міндетті сақтандыру жүйесін енгізу бірнеше жылға созылуы мүмкін: жылжымайтын мүлік иелері инвентаризация жүргізіп, ал сақтандыру компаниялары – өнім түрлерін, тарифтерін таңдаулары қажет. Жеме жемге келгенде бұл шара сауда нүктелерінің иелері, жылжымайтын мүлік және келушілерді қорғауға әкеледі», – деді Қайрат Мәжібаев.

 Түйіндей келе Қайрат Мәжібаев кез келген идея, тұжырым, бағдарлама артында тиімді орындау болуының маңызды екенін ерекше атап өтті. Осылайша қоғам, тіпті бүкіл мемлекеттің белгілі бір жетілуі қалыптасады. Тұтынушы заңды тұрғыда қорғау шараларына құқылы.

 «Бұл қаншалықты тиімді орындалып жатқанын қорытындылауымыз керек. Бірінші кезекте мұны қатысушылар арасында бекітіп, тиянақтап алу керек, бұл өте өзекті. Көптеген кәсіби қауымдастықтарды біріктіріп отырған «Атамекен» бірінші кезекте мұны қауымдастықтар арасында бекітіп алады», – деді Комитет төрағасы.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер