astana-view

Оралда Батыс Қазақстан облысы іскер әйелдерінің Бірінші бизнес-форумы өтті

2018 жылғы 02 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
22015 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырған ауқымды іс-шара қала мен облыстық аудандардағы кәсіпкерлікпен айналысатын және жеке бизнесін енді бастаған іскер қыз-келіншектердің басын қосты. Бүгінде олар Оралдың дамуына шынайы үлес қосып келеді.

Облыста шағын және орта бизнестің үлесі 42%. Шағын және орта бизнестің 47 000 субъектісі тіркелген, оның ішінде 22 мыңнан астамы қыз-келіншектерге тиесілі. Жыл өткен сайын олардың қатары көбейіп келеді. Бұл жалпы барлық саланың дамуын ынталандырады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімі Миржан Сатқановтың алғысөзінде атап өтілді.

«Форумға көптеген қыз-келіншектің белсенді қатысып отырғаны қуантады. Еліміздің заңнамасында бизнеспен айналысу үшін әйелдерге де, ерлерге де тең жағдай жасалған», – деп атап өтті Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Сәкен Қарин.

Оның айтуынша, форум – бизнес пен мемлекеттік органдардың, жеке кәсібін енді бастаған және тәжірибелі кәсіпкерлер арасындағы ашық диалог үшін жақсы алаң, мұнда тың әрі пайдалы ақпарат алуға болады. Кәсіпкерлер палатасы жан жақты қолдау көрсетуге әрдайым дайын.

«Іскер әйелдердің алғашқы бизнес-форумы жай есеп үшін өткізіліп отырған жоқ. Шын мәнінде мұндай ауқымды шара қыз келіншектердің үйдегі, қоғамдағы және бизнестегі белсенді ұстанымына ынталандырып, шабыттандыру үшін қажетті. Біз көптеген мәселелер үшін күресіп келеміз. Біз солай жаралғанбыз, бір уақытта бірнеше іске үлгереміз», – деп атап өтті Батыс Қазақстан облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жұлдыз Құспанова.

Бұл ұйым 2015 жылдың тамыз айында құрылған. Осы уақыт аралығында әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Барлық ауданда Батыс Қазақстан облысы Іскер әйелдер кеңесінің отырысы өтті, жеке кәсіппен айналысатын және осы салаға енді бет бұрған қыз-келіншектерге көмек көрсетеді.

Осы бағытта биылғы жылға нақты жұмыс бекітілген. Форумның ресми бөлімі Батыс Қазақстан облысы Іскер әйелдер кеңесі мен әкімдігі арасында меморандумға қол қойылумен аяқталды.

Іс-шара аясында Оралдағы өндірушілер мен қолөнершілердің көрме-жәрмеңкесі өтті. Елімізге танымал бренд пен жаңадан ашылған кәсіпорындар өз өнімдерін таныстырды. Олардың қатарында тұрмыстық химияның өндірісімен әрі таратумен айналысатын «KazStepService» ЖШС да бар. Кәсіпорын былтырғы жылы ашылған. Қазіргі таңда табысты жұмыс істеп отыр. Компания директоры Шолпан Өтербаева атап өткендей, 24 аталымға дейін ұлғату жоспарланған.

Жыл бойы Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының нарықтары қамтылды. Сәуірде жаңа өндіріс іске қосылады. Өз өнімдері үшін жаңа ыдыс өндіреді, бұл кәсіпорынды кеңейтуге мүмкіндік береді. Бизнесвуменнің айтуынша отандық үлес 80%. Компания «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен несие алған. Енді Еуропа қайта құру және даму банкіне менеджмент жүйесі, еңбек қорғау, экологиялық менеджмент сертификаттау үшін өтінім беруді жоспарлап отыр.

Шолпан Өтербаева атап өткендей, мұнай форумдар тек дамуға, алға жылжуға септігін тигізеді.

Жәрмеңкеге қатысушылар арасында «танымал бренд «Торты от Омарова» да болды. Бөрлі ауданында орналасқан «Нұр» шаруа қожалығы кластерлік принциппен жұмыс істейді, бүгінде 200 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мемлекеттік қолдауға келісім алған Светлана Маутаева ары қарай дамуға ниетті. Мейрамхана және экологиялық таза өнім ғана сатылатын сауда кешенін ашуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ жеке кәсіппен мүмкіндігі шектеулі жандар да айналысуды қолға алған. Ақсай қаласының тұрғыны Жанаргүл Көпжасарова ұлттық нақыштағы кәдесыйларды көпшілік назарына ұсынды. Ол 2011 жылдан бастап тігінмен айналысады. 2016 жылы «Даму» қоры арқылы грант алған. Ауылдағы ісмер жайлы негізінен Бөрлі ауданы біледі. Бұл форум танымалдылығын арттырып, тұтынушылар қатарын арттырудың бір мүмкіндігі.

Форум барысында кәсіпкерлер мен бизнесті енді бастаушылар банк, шағын несие ұйымдары мен мемлекеттік құрылым өкілдерінен тегін кеңес алды. Сонымен қатар Ақпараттық және оқыту мақсатында тренингтер өтіп, мамандар дәріс оқыды. Көптеген зерттеу мен ғалымдардың ізденістері қыз-келіншектердің бизнесте табысты екенін дәлелдеген. Оның үстіне қыз-келіншектер әлеуметтік жауапкершілікті естен шығарған емес, қайырымдылық шараларының басы-қасында да өздері жүреді.

Бірінші форум аясында Оралдағы бизнесті дамытуға үлес қосқан қыз-келіншектер марапатталып, ауқымды шара лоторея ұтысымен аяқталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер