astana-view

Ақмола облысында балалар туризмі мәселесі талқыланды

2018 жылғы 05 Сәуір
- Ақмола облысы
4849 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы балалар демалысын жүзеге асыратын бизнес субъектілерімен кезекті рет кездесу ұйымдастырды

Қазіргі таңда қарамағында балалар сауықтыру орталықтары бар кәсіпкерлер бірнеше мәселегі тап болып отыр. Негізгісі – тиімсіздік. Осы ретте балалар лагерлерінің дені ескірген. Бұрынғы Көкшетау облысы қазіргі Ақмола облысында жұмыс істеген 64 лагердің бүгінде 27-сі ғана қалып отыр. Оның ішінде 13 лагерь – мемлекеттік.

2017 жылы 18 лагерь ғана болған. Балалар сауықтыру орталықтарына инвентаризация жүргізу нәтижесінде Қотыркөл көлі жағалауында екі жылдан 26 жылға дейін жұмыс істемеген 9 нысан анықталды.

 Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Сұлтанов орталықтарға техникалық модернизация мен қайта жөндеу жүргізуді сонымен қатар энергия үнемдейтін технологияларға көшуді ұсынды. Сондықтан аталған кездесуде қаржылық институттардың бірнеше өкілдігі қатысты. Олар жұмыс істеп тұрған және істемей тұрған балалар лагері иелері қолдана алатын қаржылық қолдау құралдары жайында мәлімет берді.

 Сонымен қатар бизнес алдында Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы өкілі сөз сөйлеп, санитарлық қауіпсіздік шаралары жайында ақпарат берді.

 Бизнес өкілдері өздерін мазалаған және балалар туризміне кедергі болып отырған сұрақтарды қойды. Олардың бірі –  лагерлер орналасқан ерешке қорғалатын аумақтарда болғаны үшін ашқа төлеу мәселесі.

 Бизнесмендер пікірінше балаларды бұл төлемнен босату керек. Сонымен қатар демалуға келген балалардан қосымша экскурсиялық билеттер үшін ақша алынады. Жалпы алғанда лагерь әр бала үшін 500 теңге төлейді. Тағы бір олқылық – лагерь директорлары өз қызметкерлерінің территорияға кіргендері үшін ақша төлеу керек.

Қайрат Сұлтановтың айтуынша бұл мәселе бақылауға алынған. «Атамекен» жаңа Салық кодексі әзірлеушілеріне осы мәселе бойынша бірнеше рет ұсыныс жасаған. Кездесу барасында көтерілген басқа да мәселелерде назарға алынды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер