astana-view

ДСҰ шеңберінде Қазақстанның Алып тастаулар тізбесі кеңейтілді

2018 жылғы 06 Сәуір
3399 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаменті 6 сәуірден бастап Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 14 қазан №59 «Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға мүше болу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес ЕАЭО Бірыңғай кеден одағының ставкаларынан анағұрлым төмендетілген кірме баж салығы ставкалары және осындай баж ставкаларын қолдануға қатысты тауарлар тізбесі туралы» Шешіміне енген өзгертілер заңдық күшіне енетіні жайында хабарлайды.

Айта кетелік, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше ел ретінде Қазақстан өз міндетіне бірқатар тауарларға  кірме кедендік баждарды төмендетуді алған болатын. Сол аталымдар бойынша жыл сайын Алып тастаулардың тізбесін кеңейту арқылы баждар мөлшері төмендетіліп отырады. 

 Осылайша 2016 жылы Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 14 қазан №59 Шешіміне сәйкес қазақстандық кәсіпкерлер 1347 тауар атылымын кеденнен төмендетілген ставкамен өткізген. 2017 жылы Алып тастаулардың тізбесі ЕАЭО-ның жаңа тауар номенклатурасына сәйкес тағы  567 аталыммен толығып, енді барлығы 2167 аталым болды.   

 Осы ретте аталған тізбе 2017 жылдың 1 желтоқсанында тағы 308 тауар аталымымен толығып, ЕАЭО-ның  жаңа тауар номенклатурасына сәйкес 2475 аталымды құрады.

 Өз кезегінде департамент ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелермен қоса Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше ел ретінде алып тастау тізбесіндегі заттар Қазақстанға төмендетілген ставкамен енгізілген болса, онда тауарларды бақылауды, сондай-ақ, сол тауарлардың Қазақстан территориясын тыс жерге тасымалдауына жол бермеуді қадағалауы керек. Осыған орай «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерді кедендік тасымалдау мұқият болуды сұрайды. Егер тауар тек қана ҚР территориясына ғана таратылатын болса, онда жүктің кедендік салығын ДСҰ-дың төмендетілген ставкамен төлеуге болады.

 Осыған байланысты Ұлттық палата кәсіпкерлерді ҚР-ға тауар кіргізу кезінде егер тауар тек Қазақстан территориясына таратылса, тауарларды ДСҰ ставкалары бойынша кеденнен өткізу мүмкіндігін қарастыруды сұрайды.

 Егер Қазақстандық тауар Одаққа мүше елдердің территориясына таратылатын болса, онда тауарларға Бірыңғай кеден тарифі бойынша тазалау жүргізу қажет болады. Тізбеге енген, бірақ ЕАОЭ БКТ ставкалары бойынша кіргізілген  тауарларды шығарудың шарты тауар сүйемелдейтін құжатпен рәсімделуі қажет. Еуразиялық экономикалық одақ  шеңберінде екі жақты сауда айналымы жүзеге асыруда Қазақстанның нормативті-құқықтық базасымен тауарды сүйемелдейтін екі құжат қарастырылған: кедендік декларация және электронды шот-фактурасы (ары қарай – ЭШФ).

 Тізбеге енген тауарларды сатумен айналысып отырған кәсіпкерлер тауарды сүйемелдейтін құжаттардың Тізбеге енген басқа мемлекеттерде бұрынырақ кіргізілген тауарларды сатуда; ЕАЭО тауарларын ҚР территориясына әкелінген тауарларды өндіргенде, ЕАЭО ТН ВЭД коды және атаулар Тізбеге енген; Қазақстан территориясынан тауарды басқа ЕАОЭ-ға мүше ел территориясына кіргізген кезде және ол тауарды бір жеке тұлға алып жүрсе қажет болатынын қаперде ұстау қажет.    

 Кеңес комиссиясы шешіміне енген өзгертулер 2018 жыл 27 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссия сайтында  жарияланған.

Сонымен қатар департамент осыған қатысты барлық ақпарат, сондай-ақ, ДСҰ шеңберінде отандық бизнестің төмендетілген ставкаларды қолдану бойынша нормативті-құқықтық база туралы мағлұматтар «Атамекен» ҰКП www.аtameken.kz сайтында  ДСҰ «ҚР-дың ДСҰ-дағы тарифтар бойынша міндеттемелері» бөлімінде жарияланған деп хабарлайды.

Сұрақтар туындаған болса «Атамекен» ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне хабарласуға болады: (7172) 919 373, хаттарыңызды dei@atameken.kz почтасына жолдаңыздар.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер