astana-view

Лебяжі ауданы кәсіпкері өз ісін дамытып отыр

2018 жылғы 06 Сәуір
- Павлодар облысы
7361 просмотров

Фермердің  табысты жұмыс істеуі үшін не қажет? Әрине, жер.  Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар да жақсы қолдау болып отыр

2016 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданының кәсіпкерлер Палатасына  жер учаскесіне жеке меншік құқығын растайтын  акт ресімдеу мәселесі бойынша «Сабырхан» шаруа қожалығының басшысы жүгінді.

Манарбек Магмуров, 10 жыл бойы бизнеспен айналысады, және қазіргі уақытта оны кеңейтпек.

Палата мамандарының қолдауымен кәсіпкердің сұрағы жедел шешілді. Манарбек Магмуров қысқа мерзім ішінде, ешқандай іркіліссіз жер құжаттарын алды

Жер құжаттарын ресімдеу барысында кәсіпкер өзінің мал басын көбейту туралы ойымен бөлісті. Филиал менеджерлері фермерді  мемлекеттік несие беру бағдарламаларымен таныстырды. «Сабырхан» қожалығының басшысы бағдарламамен танысып, жеңілдікпен 3 млн теңге несие алып 15 бас ірі қара мал алуға өтінім беруге шешім қабылдады. 

Бұл жобаны іске асыру үшін «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдікпен несиелеу ұсынылды. Бизнесті кеңейту барысында кәсіпкерлер Палатасының менеджерлері консультациялық көмек көрсетіп, бизнес-жоспар дайындап, банктен несие алу үшін қажетті құжаттарды жинақтауға қолдау көрсетті дейді, -. кәсіпкерлер Палатасының Лебяжі ауданы филиалының директоры Дастан Бейсенбаев,

 Мемлекеттік қолдау және Палатаның сүйемелдеу шараларының арқасында бүгінгі күні шаруа қожалығы мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын табысты дамытып отыр, Шаруа қожалығының меншігінде 411 га жер бар.

 «Ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алқабы бізде 36 га құрайды. Ашық топырақта қияр, қызанақ, баялды, бақша  дақылдары, картоп егеміз. Сондай-ақ, ірі қара мал өсіріп, қой шаруашылығмен айналысамыз» - дейді кәсіпкер.

Өткен жылы Палата  филиалы 83 жобаны сүйемелдеді дейді, - Дастан Бейсенбаев. Ауыл тұрғындарына 1410 кеңес көрсетіліп 121 бизнес-жоспар дайындалды, оның ішінде 38 бизнес-жоспар жер учаскелерін бөлу конкурсына қатысушылар үшін. 29 кәсіпкер өз ісін дамыту үшін 135 млн. 700 теігесомасында несие алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер