astana-view

Тимур Құлыбаев Алматы облысы кәсіпкерлерімен кездесті

2018 жылғы 10 Сәуір
- Жетісу облысы
1912 просмотров

Талдықорғанда «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің отырысы басталды.

Жиынға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, «Атамекен» ҚР ҰКП басшылығы, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар және даму институттары өкілдері қатысып жатыр.

Іс-шарада «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмысының қорытындысы айтылып, облыстық Кәсіпкерлер палатасы тарапынан кәсіпкерлік дамуына жасалып жатқан негізгі қолдау шаралары белгіленеді.

Алматы облысындағы жұмыс сапары барысында Тимур Құлыбаев Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы орналасқан Көрме кешеніне барды.

  Толық ақпарат www.atameken.kz сайтында.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер