astana-view

Сенат кәсіпкерлік қызмет туралы заңға түзетулер енгізді

2018 жылғы 19 Сәуір
7191 просмотров

ҚР Парламенті Сенатында кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру туралы заңға түзетулер енгізілді

Бүгін Сенаттың пленарлық отырысында «Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қолдау тапты.

Мемлекет басшысының  2017 жылдың 31 қаңтарындағы Жолдауында берілген бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және ұлғайтуға бағытталған тапсырмасын орындауда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, бизнес-қоғамдастық заң жобасын жасауға тікелей қатысты.

«Атамекен» ҚР ҰКП Заңнама және өзін-өзі реттеуді дамыту департаментінің басқарушы директоры Айжан Бижанова заңнама жобасының мақсаты – бизнес-ортаның жақсарту мен ұлғайту аясында заңнамалық базаны жетілдіру, әкімшілік кедергілерді азайту және кәсіпкерлерге түсетін ауыртпалықты төмендету екенін атап өтті. Заң жобасы мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін реформалауға, өзін-өзі реттеу институтын жетілдіруге, ақпараттың құралдар мен реттеу әсерін талдау механизмін реттеу, сондай-ақ бәсекелікке кедергі келтіретін нормаларды алып тастауға бағытталған.

«Заң жобасында сонымен қатар табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсететін міндетті қызметтерді реформалау да қарастырылған, бизнестің шығынын жаппай азайту және Қазақстанның «Doing Business» рейтингіндегі көрсеткішін жақсарту мәселесі реттелген», – деп түсіндірді Айжан Бижанова.

Картельдермен күресудің құқықтық механизмін жетілдіру үшін заңнамалық деңгейде әрекеттер жолсыздыққа, шектеуге немесе бәсекеліктің жоюға алып келетін болса, сатып алуларды жеткізушілер, сауда-саттыққа қатысушылар қызметін үйлестіруге тыйым салу ензігілді.

Заң жобасында 123 заңнамалық актілерге 1000-нан астам түзетулер енгізе отырып, өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.

Кәсіпкерлер үшін енгізілген жаңашылдықтың бірі – мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жаңа жүйесін енгізу. Бұл жүйе әкімішілік іс қозғамастан, құқық бұзғандығы туралы профилактика мен ескерту беруді көздейтін профилактикалық бақылаудан тұрады.

Профилактикалық бақылаудың негізгі міндеттеріне бақылау субъектісінің құқыққа қайшы әрекетінің себебі мен шартын анықтау, құқық бұзушылықтың құқықтық салдарларын түсіндіру, бақылауға алынған субъектінің заң аясында әрекет ету қажеттігін ұғындыру жатады.

Заңнамамен мемлекеттік реттеу құралдарын сапалық анықтау мақсатында  жергілікті деңгейде және мемлекеттік орталық органдардың введомстволарында шешу үшін реттеу әсерін талдау процедурасын тарату, сондай-ақ бизнеске әсер етуді бағалауды күшейту.

Қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемологиялық саулығы саласында тексеру нәтижелеріне шағымдану бойынша апелляциялық комиссия институты енгізіледі. Комиссияға міндетті түрде «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері кіреді, бұл басқару шешімін қабылдау және т.б. жолдар арқылы қоғамдық қадағалауды күшейтеді.

Заң жобасы таяу уақытта Мемлекет басшысының қол қоюына ұсынылады. Заң жобасының соңғы нұсқасымен «Атамекен» ҚР ҰКП сайтынан таныса аласыздар.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер