astana-view

Степногорск қаласында жаңа медициналық орталық ашылды

2018 жылғы 20 Сәуір
- Ақмола облысы
9752 просмотров

Ақмола облысы ӨКП Степногорск қаласы бойынша филиалының қолдауы арқылы кәсібін жаңа бастаған іскер әйел жобасын жүзеге асырып, «Дәрігер Plus» медициналық орталығын ашты.  

«Дәрігер» ЖШС директоры Гүлзат Наурызбаева Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы қызметін тұрақты тұтынушысы. Осы жерде кәсіпкер жеке кәсіп ашу үшін алғашқы кеңес алған. Осы жерден кәсіпкердің жобасы бизнес жоспардан жүзеге асыруға дейін аралықта сүйемелденген болатын.

 Кейінірек қол жеткен нәтижені тиянақтау мақсатында Гүлзат Наурызбаева (кәсіпкердің мамандығы – заңгер) «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша оқу курсынан өтті. Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы маркетологы қолдауымен жақсы бизнес-жоспар құрылып, кәсіпкер әйел «Даму» қоры арқылы жеңілдетілген несие алды.

Міне, барлық рәсімдеулер артта қалды. Бүгінде жұмыс істеп тұрған медициналық орталықта білікті дәрігер мамандар: бала дәрігері, неонатолог, жұқпалы аурулар дәрігері, кардиолог, терапевт, гинеколог, хирург, травматолог, психолог и логопед қызмет көрсетуде.

 Осы жерде зертханалық диагностика, УДЗ, ЭКГ, холтерлік мониторингілеу арқылы қан қысымы мен ЭКГ-ны бақылау жүргізіледі. Бұған қоса 1 жасқа дейінгі балаларға потранаждық бағдарлама, білікті акушер-гинекологтар, педиатр-неонатологтар, психологтар,  емдік дене шынықтыру бойынша инструкторлар жетекшілігімен бақыланатын жүкті әйелдерге арналған мектеп бар. Дәргерлер үйге келіп, ем-домын көрсету қызметі де қарастырылған.

 Қазіргі таңда «Дәрігер» ЖШС жетекшісі медицина саласындағы шетелдік сарапшыны шақыру мақсатында «Аға сеньорлар» бағдарламасына қатысуға өтінім берген. Іскер әйел сондай-ақ, «Іскер байланыс» бағдарламасына да қатыспақ.  

 «Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгіну маған кәсіп бастауға арқау болды. Барлық көрсетліген қолдау үшін Палата қызметкерлеріне алғысым шексіз. Мені алғашқы қадамнан бастап сүйемелдеді, есесіне барлығы тегін», – деді Гүлзат Наурызбаева.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер