astana-view

Қоқыс полигондары мәселесін қалай реттейміз?

2018 жылғы 25 Сәуір
- Ақмола облысы
10441 просмотров

Ақмола облысы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті жиынында Экологиялық кодекс нормаларын орындау, атап айтқанда тұрмыстық қалдықтар полигонындағы жұмыс және бұл қызмет түрін бәсекелік ортаға беру мәселесі талқыланды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың қоқысты жинаудағы қызметі туралы сөз қозғалды.  

 Осы тақырып бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Валентина Геращенко баяндама оқыды. Осы салада туындаған бірқатар мәселелерді айтып, спикер кәсіпкерлерден түскен шағымдарға тоқталды. Онда шағымданушылар жергілікті атқарушы органдардың әрекетіне наразылығын айтады. Яғни тұрмыстық қалдықтарды өңдеу саласында кәсіпкерлерге жасанды кедергілер жасалады.

«Елбасы Жолдауында өңірлерде тұрмыстық қалдықарды жою, қайта өңдеуде жаңа технологиялар мен әдістерді қолдану қажеттілігі және осы қызметке шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жаппай жұмылдырылуы керек екені айтылған. Қазақстан Республикасының Үкіметі «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі қаулысының шеңберінде 2014-2050 жылдарына тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасы бекітілген. Сонымен қатар жергілікті әкім атсалысуымен арнайы жұмыс тобы да құрылған, алайда мәселе шешілмеген», – деді Валентина Геращенко.

 Оның айтуынша Ақмола облысындағы тұрмыстқ қалдықтар полигондары 612 елді мекенде орналасқан. 533 полигон ішінен 35-сі заңдстырылған. Полигонға арналаған жер учаскілердің 119-ы ғана полигонға деп рәсімделген.

 Олар экологиялық және санитарлық талаптарға сай келмейді. Полигондар мен күресіндердің көбі толып кеткен. Оларды тазалап реттеу керек. Ал жобалық құқықтық құжаттардың болмауы қоқыс көлемін анықтауға кедергі болып отыр және бұл жайт қоршаған ортаға зиян болып, бюджет шығынына әкеліп соғады.

Мәселен – «LS Kokshetau» ЖШС. Кәсіпорын қоқысты жинау және қайталама шикізатті бастапқы өңдеумен айналысады. Кәсіпорынның өндірістік алаңдары Астана, Петропавл, Көкшетау, Щучинск, Атбасар, Стпеногорск қалаларында орналасқан.

Бүгінде компания басшысы Сергей Лущинский халықтан қалдықты сатып алып отырған қаладағы жалғыз кәсіпкер. Бизнесмен бір орында тұрмай, тұрмыстық қалдықтарын іріктеп жинауға арналған 35 контейнер орнатқан.

Кәсіпорын толық қуатта жұмыс істеуі үшін халықтың қоқыс жинау мәдениеті қалыптасып қана қоймай, сонымен қатар жергілікті әкімшіліктің қолдауы керек. Бір сөзбен айтқанда түрлі аудандарда арнайы контейнерлерді орналастыру үшін шамамен 10 нүкте керек, яғни жер учаскілері де қажет. Алайда бұл мәселе кәсіпкердің айтуы бойынша шешімін таппай келеді.

«Тұрмыстық қалдықтарды сатып алуға арналған павильондарды орналастыруға жер учаскісін бөлу туралы өтініммен 8 ай бойы жүрмін. Ал қолданыстағы заңнамаға сәйкес рұқсат беретін құжаттарды дайындау мерзімі екі айды құрайды», – деді Сергей Лущинский.

Басқа мысалдар келтірсек. Көкшетау қаласының әуежай маңындағы полигонға эологиялық төлқұжат мерзімін ұзартпаған. Яғни қоршаған ортаға эмиссияларды шығару мерзімі ұзаратылмаған. Меншік иесі «Көкшетау тазалық» ЖШС шұғыл түрде полигонның қайта қалпына келтіру және іріктеу желісін құру бойынша жұмысты қолға алды. Қоқыс қалдықтары Красный яр ауылындағы полигонға тасымладанып жатыр. Олар қоқыстарды бөлу жұмыстармен айналыспайды.

Степногорск қаласындағы  «Стпеногорск тазалық» ЖШС, сандықтау ауданындағы  «Балкашинский коммунальщик» ЖШС қоқыс полигонына арналған жер учаскісін 2 жыл бойы ала алмай келеді. Ал жер учаскілері жекешелендіру жоспарына сай, мемлекеттік қызметті бәсекелік ортаға беруге сәйкес алынған болатын.

 Пікір-талас барысында Кеңес мүшелері жергілікті атқарушы органдар қоқыс жинауға байқау өткізерде өз қызметтерін дұрыс орындамайды деген пікірге келді. Қоқыстарды тазалауда жүйелі басқару жоқ.

 «2019 жылы кейбір қоқыстарды көмуге тиым салынғанына қарамастан (ал ондай қоқыстың түрі жалпы көлемнен 70%-ды құрайды) жергілікті атқарушы органдар қоқыс жинауда инфрақұрылымды құру мақсатында бұл қызметке жеке бизнесті тарту бойынша жұмысты дұрыс атқармай отыр», – деді «Юридическая компания Регистр» ЖШС директоры Арман Тұрлыбеков.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары Көшекбай Біржикеев қоқысты тазалауда жағдайды өзгерту үшін тараптардың күшін біріктіру керек деген ойда.

«Аталған мәселені баяғыдан бері көтеріп келеміз, алайда бұл бағытқа көп қаражат керек. Жаңа заңнама қабылданған соң жағдай түзеледі деген үміттеміз. Велосипед жасаудың қажеті жоқ, Кеңес одағы кезіндегі қоқыс жинайтын зауыттар жұмысын еске түсіру керек деген ойдамын», – деді Көшекбай Біржикеев.

 Кеңес жиыны қорытындысы бойынша мүшелер қарар шығарды: Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, экологиялық заңнама саласында жүйелі мәселелерді шешу алгоритмін қалыптастыру. Бұдан басқа, Ақмола облыстық прокуратурасымен бірге бірлескен іс-шаралар шеңберінде жер учаскелерін жарты жылда бір рет беру заңдылығын тексеруді жүзеге асыру ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер