astana-view

Сарапшылар кәсіпкерге несие алуға көмектесті

2018 жылғы 28 Сәуір
- Ақмола облысы
4069 просмотров

Мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы дауларды сотқа дейінгі реттеу жөніндегі келістіруші жұмыс тобының кезекті отырысында айтылған мәселе өз шешімін тапты.

Естеріңізге салсақ, бұл кездесу Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің хатшысы Батыржан Ашитовтың жетекшілігімен өтті.

Жұмыс тобы мүшелеріне Атбасар аудыны Құрманов ауылының тұрғыны Жанна Құрманова өтінім жасаған. 2017 жылдың аяғында Жанна «Бастау» жобасымен оқу курсынан өтеді, мал басын көбейту, атап айтқанда етті ірі қара малды өсіру бойынша бизнес жобасын сәтті қорғайды.

Биылдан бастап Жанна Құрманова бизнесті дамытуға несие алуды жоспарлайды. Кепілдік ретінде әйел шаруашылығндағы құрылыс нысандарын ұсынған. Алайда банк бұл мүлікті заңдастыруды талап етіп, өтінімді қабылдаймайды.

Бейінді органдар өкілдері 2017 жылы бекітілген «Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау қағидаларына» сілтеме жасап, 1985 жылы салынған нысандарға пайдалануға беру актісін алу қажет екенін айтты.

 Алайда, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Құқықтық бөлім сарапшылары анықтағандай бұл мәселе оңай шешіледі екен. Өздері салған меншік иелері объектіні өздері заңдастыруға жауапты. Бүгінде салынған объектінің және оның техникалық жай-күйінің талаптарға сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды жасайтын компаниялар бар.

 «Атбасар ауданының өзінде дәл осындай мәселеге 10 шақты кәсіпкер тап болған. Яғни жүйелік мәселе орын алған. Жергілікті сәулет органдарды үдерісті қиындатуда, себебі заңсыз салынған объектінің иелері, әдетте, оған рұқсат етілмейтін бастапқы құжаттары жоқ», – деді ӨКП Бизнесті қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бойынша бөлім бастығы Расұл Сыздықов.

Жанна Құрманова мәселесі шешілгеніне дән риза.

«Мәселенің тез әрі оңай шешілгеніне қуаныштамын! Бүгін менің құжаттарым Көкшетау банктері бірінің несие бөлімінде жатыр. Бұл менің кәсіпкерлік бастамамдағы бірінші несие. Ақмола облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Құқықтық бөлімі сарапшыларына алғысым шексіз. Олардың қолдауы арқылы менің сұрағым тез арада оң шешілді! Палатада маған қарапайым әйелге адам ретінде қарап, тыңдап, көмек берді», – деді бастауыш кәсіпкер.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер