astana-view

Оңтүстік астанада «Алматы жұмыс» атты бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтуде

2018 жылғы 14 Мамыр
- Алматы қаласы
7800 просмотров

Бұл іс-шараны Жұмыспен қамту орталығы қолдауымен Халықаралық Бизнес университеті (UIB)  әкімдік және Алматы облысы кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ұйымдастырды.

 Бос жұмыс орны жәрмеңкесінің мақсаты – жұмыс беруші мен өтініш берушінің арасында тікелей байланыс орнату арқылы білім беру ұйымдары түлектері және жастарды жұмысқа орналастыру.

«Мұндай шаралар түлектер үшін де, жұмыс берушілер үшін де маңызды. Университетіміз жастардың жұмысқа орналасып, маңсап жолын құрғанын белсенді қолдайды. Осы ретте Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасына жобаны ұйымдастыруға белсенді атсалысқаны үшін алғыс білдіреміз», – деді UIB президенті Дархан Ахмет-Заки.

 Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы Бағдат Телебай өз кезегінде бұл жобаға жастарды барынша жұмылдыру қажеттілігін айтты.

 «Ортақ жобамыздың сүбелі мақсаты – кәсіпкерлікті дамыту, бизнеске барынша көп жастарды жұмылдыру. Осы орайда Палата мен UIB арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмылдыруды кеңейту жоспарланған, бағдарламаның құралдары күшейтіледі. Оның ішінде бос жұмыс орындары, жұмыс іздеушілер туралы деректер туралы барлық ақпарат қамтылған кең ауқымды электронды еңбек биржасы енгізіледі. Осы жобаларды жүзеге асыруға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен өңірлік филиалдары белсенді атсалысып отыр», – деді Бағдат Телебай.

Жұмыспен қамту қызметінің мамандары жәрмеңке қонақтарына ҚР еңбек заңнамасы бойынша толық ақпаратты беріп, кітапша, буклет түрінде анықтамалық-ақпараттық материалды да ұсынды .

Жәрмеңкеге білікті мамандарға қызығушылық танытқан 500-ге жуық халықаралық және отандық компания және 10 мыңға жуық жұмыссыз жас бен  жоғары оқу орындары түлектері қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер