astana-view

«KazAid» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылады

2018 жылғы 18 Мамыр
7572 просмотров

Заңды тұлғаларды мемлекеттің қатысуымен құруды қоғамдық талқылау мақсатында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қорытындыларды ұсыну Регламентінің 16 тармағына сәйкес жарғылық капиталда мемлекеттің 100% қатысуымен «KazAid» коммерциялық емес акционерлік қоғамы формасында халықаралық дамуды ынталандыру жөніндегі қазақстандық агенттікті құру туралы өтініш жасалды.

Ұйым Астана қаласында құрылады деп күтілуде. Қызмет ету ауқымы: Орталық Азия мемлекеттері және Ауғанстан аумағына экстерриториальді принципте қызмет ету.

 «KazAid» коммерциялық емес акционерлік қоғамы туралы ақпарат:

 ҚР 2014 жылғы 10 желтоқсандағы «Дамуға ресми көмек туралы» Заңы 1 және 6 бабының 5 және 3 тармағы, сонымен қатар 11 бабына сәйкес ҚР Сыртқы істер министрлігі әріптестердің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру және өз азаматтарының әл-ауқатын жақсарту; сонымен қатар Қазақстан Республикасынның әріптес-мемлекеттерге тегін немесе жеңілдікті негізде көмек көрсету мақсатында «KazAid» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құруды жоспарлап отыр.

 Коммерциялық емес акционерлік қоғамының негізгі қызметі дамуға ресми көмек саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

 Коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызмет көрсету мақсаты:

  1. тұрақты дамуда кедейлік, халықаралық қылмыс, есірткінің заңсыз айналымы және заңсыз көші-қон проблемаларын қоса алғанда, жаһандық әрі өңірлік мәселелерді шешуде көмек көрсету;
  2. әлеуметтік бағдарланған экономиканы құру процесстеріне атсалысу;
  3. халықаралық мемлекеттермен саяси, экономикалық, білім беру, қоғамдық, мәдени және ғылыми байланысты дамыту;
  4. Қазақстан шекарасы периметрі бойынша тату көршілік белдеуін қалыптастыру;
  5. Әріптес мемлекеттермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және капитал, тауар, қызметтер нарықтарына және еңбекке интеграциялау процестерін ынталандыру;
  6. Қазақстан Республикасының беделін арттыру және әлемдік қоғамдастықта оң қабылданауына атсалысу.

Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер