astana-view

«Есіл–Астана» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнын құру туралы

2018 жылғы 22 Мамыр
- Астана қаласы
5450 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Мемлекеттік қатысуымен заңды тұлға құруға қорытынды беру тәртібіне сәйкес жария талқылау мақсатында «Есіл–Астана» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының ұйымдастырушылық-құқықтық формасын өзгерту арқылы жарғы капиталында мемлекеттің жүзпайыздық қатысуымен «Есіл–Астана» ЖШС құру туралы сұрату жарияланады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері – Астана қаласы әкімшілік-территориялық шекарасының аумағы.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы – «Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ атынан Астана қаласының әкімдігі

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызмет түрлері:

- жол жұмыстарын, оның ішінде кеме гидротехникалық құрылысын (айлақ, көлік құралдары, кеме қозағалысын реттеудегі қауіпсіздік құралдары) орнату, күту және пайдалануға беруге қатысты жұмыстарды жүргізу;

-Астана қаласы әкімшілік-территориялық шекарасының аумағында кеме жүргізу кезегінде Есіл өзенінің арнасында ішкі су көлігімен жолаушыларды көлік, экскурсиялық тасымалдау, оның ішінде шағын кемелермен қызмет көрсету.

- Астана қаласы әкімшілік-территориялық шекарасының аумағында Есіл өзенінің су айдыны мен акваториясында және оның ағысында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету қызметін көрсету;

- Астана қаласы әкімшілік-территориялық шекарасының аумағында Есіл өзенінің арнасында кеме қозғалысын диспетчерлік реттеу;

- сүңгуір қызметін жүзеге асыру;

- ішкі су көлігін, оның ішінде техникалық және өлшемі кіші кемелерді, дебаркадерлерді, айлақтарды жалға беру.

«Есіл–Астана» ЖШС жарғылық капиталы «Есіл-Астана» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынының балансында тұрған мүліктен, атап айтқанда жолаушы және техникалық кемелер, автомобиль көлігі және т.б. құралады.

Стратегиялық нысандар – «Есіл-Астана» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынының балансында тұрған кеме жүргізу белгілері, айлақтар және су жолының құрылысын «Есіл–Астана» ЖШС-ына сенімді басқаруға беру жоспарланған.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер