astana-view

«Іскерлік байланыс»: бизнеске жаңа көзқарас

2018 жылғы 28 Мамыр
4675 просмотров

28 мамырда Астанада «Іскерлік байланыс» жобасының аясында бірінші оқыту легі басталды. Бұл оқыту жоғары, орта буын басшылары мен шағын және орта бизнестің өкілдеріне арналған.

Үш аптаға жоспарланған оқу барысында қатысушылар басқару қабілетін арттыратын бизнес-тренингтен өтеді. Бизнесті-жоспарлау, тайм-менеджмент, келіссөз жүргізу технологиясы, біліктілікті жақсарту және сыртқы экономикалық байланыс орнату салаларын да меңгереді. Отандық және шет елдің білікті мамандары халықаралық ынтымақтастық және компанияны дамытудың бизнес-жоспарын жасаудың тиімді таныстырылымы туралы баяндайды.

Бизнес-жаттықтырушылар  Қазақстанның 7 өңірінде сабақ өтеді. Әр өңірде өтінімдер сабақ басталғанға дейін 3 апта бұрын қабылданады.

11 маусым – 29 маусым

Алматы

25 маусым – 13 шілде

Петропавл

9 шілде – 27 шілде

Павлодар

23 шілде – 10 тамыз

Талдықорған

6 тамыз – 24 тамыз

Астана

20 тамыз – 7 қыркүйек

Ақтөбе

1 қыркүйек – 19 қыркүйек

 Алматы

3 қыркүйек – 21 қыркүйек

 Қызылорда

17 қыркүйек – 5 қазан

 Атырау

     

Қосымша ақпарат алу үшін Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына, Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарына немесе «Атамекен» ҚР ҰКП Өңірлік дамыту департаментіне хабарласыңыздар: 8 (7172) 919 347.

Байланыс орталығы: кез келген қаладан: 1432, Қазақстан бойынша: 8-800-080-80-10 (тегін).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер