astana-view

Тері бұйымдарын импорттау процедуралары түсіндірілді

2018 жылғы 31 Мамыр
- Ақмола облысы
5166 просмотров

Тері бұйымдарымен айналысатын кәсіпкерлерге арналған кезекті семинар Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында ұйымдастырылды. Іс-шара тақырыбы – табиғи теріден жасалған киім-кешектерді кедендік рәсімдеу.

Айта кетелік, мұндай кездесулер Палатада тұрақты түрде өтеді. Осыған дейін тері бұйымдарын таңбалауға қатысты тақырыптар қозғалған.

Тері бұйымдарын импорттау шаралары жайында Көкшетау кеден бекетінің Кедендік рәсімдеу орталығының жетекші маманы  Владислав Гальт айтып берді. Кездесу барысы көрсеткендей, бизнесмендерде тақырыпқа байланысты бірқатар сұрақтар болды. Оның бірі – Көкшетауда брокерлердің болуы.

 Яғни ақмолалық тері бұйымдарын сатушылар Астана мен Алматы брокерлері көмегіне жүгінуге мәжбүр. Ал бұл жайт кәсіпкерлер жұмысына кедергі келтіреді, мұнда маусым, жұмыс түрі де ескерілуі керек.

 Кәсіпкерлердің айтуынша осындай қызмет түрінің Көкшетауда болғаны керек. Өз кезегінде кездесуді ұйымдастырушылар мұндай мамандар облыс орталығында бар екенін айтып, олардың байланыс телефондарын ұсынды. Бұл мамандар кедендік рәсімдеу жұмыстарымен көмектеседі.

Осы кездесуде кәсіпкерлерге сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасы кодтары жайында ақпарат берілді. Бұған қоса бұйым классификациясы, баж салығы мөлшері де айтылды.

 «Осылайша осы бұйымдарға деген тауар номенклатурасы кодтарына сәйкес импорт баж салығы көлемі тауардың кедендік құнының 10%-ын құрайды. Бірақ баж салығынан басқа кедендік рәсімдеу үшін кедендік төлем алынады, оның құны – негізгі бет үшін 19 мың теңге, қосымша аталымдар үшін тағы 7 мың теңге. Өзгерістер биыл 20 сәуірде күшіне енді. Осыған дейін кедендік рәсімдеудің құны 25 және 11 мың теңгені құраған болатын», – деді Владислав Гальт.

Маман тауарларды кедендік рәсімдеу үшін қажет құжаттардың толық тізімін таныстырды.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер