astana-view

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасында жаңа басшы

2018 жылғы 01 Маусым
- Ақмола облысы
13606 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының шешімімен, Өңірлік кеңестің келісімі бойынша Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директорлығына Тимур Нақыпбеков тағайындалды

Бүгін Өңірлік кеңес төрағасы Әсен Жақсылықов кәсіпкерлер палатасының жаңа басшысын таныстырды.

Нақыпбеков Тимур Арсенұлы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алған. 2007 жылы Сиань мұнай және газ университеті тәмамдаған (Қытай, Сиань қаласы), 2010 жылы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде «заңгерлік» мамандығында оқыған.  2016 жылы «Almaty Management University» МВА бағдарламасының магистранты (мамандығы – іскерлік әкімшіліктендіру магистрі).

Еңбек тәжірибесі – 10 жыл. Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысымен күрес департаментінде инспектор ретінде бастаған. 2013 жылы «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы филиалының әкімшілік кедергілер жөніндегі бас сарапшысы, одан кейін заң бөлімі басшысының міндетін атқарушы қызметінде болған.

2013 жылдың қараша айынан 2017 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасында түрлі лауазымдық қызметтерде еңбек етті. Ең алдымен – қоғамдық мониторинг және құқықтық қолдау бөлімінің бас сарапшысы, одан кейін сервистік қолдау, құқық қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімдерінің басшысы, директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

Осы жылдар аралығында Фармацевтикалық кластер дирекциясының мүшесі, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болған.

2017 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы «Агробіліктілік орталығы» ЖШС директорының орынбасары , 2017-2018 жылдарда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аппаратының жетекшісі, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Өңірлік кеңес төрағасы Әсен Жақсылықов Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының жаңа басшысы Тимур Нақыпбековке сәттілік тілеп, өңірлік бизнес-қоғамдастық пен жергілікті атқарушы билік арасындағы құрылымды байланыс орнатуына сенім білдірді.

Өз кезегінде Тимур Нақыпбеков Палатаның басым міндеттерін жүзеге асыруға барынша күш салатынын, әріптестердің қолдауымен жұмысқа инновациялық тәсілдерді енгізуге ниетті екенін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер