astana-view

«Ең дұрыс»: Ерлан Сағадиев «Атамекен» пікірі бойынша дайындалған жоғары оқу орындардың рейтингі туралы ой бөлісті

2018 жылғы 19 Маусым
5073 просмотров

Қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингісі жөнінде өз пікірін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Адами капитал. Сын-тегеурін және ақиқат» панельді сессиясында білдірді. Іс-шара Астанада «Атамекен» ҰКП V Съезі аясында Atameken business channel арнасының «Ордабаев. Өзекті» теле-хабары форматында өтті.

Сессияның модераторы «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры – басқарушы директор Олжас Ордабаев болды.

«Атамекен» ҚР ҰКП және ҚР Білім және ғылым министрлігі 2017 жылдың сәуір айында Қазақстанның жоғары оқу орындарының бакалаврының «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша 66 білім беру бағдарламаларына баға берді. Нәтижелеріне сүйене жоғары оқу орындарының рейтингі дайындалды.

«Атамекен» 2 мың түлектерден алған білім қаншалықты қажет болғандығына байланысты сауалнама өткізіп, 400 IT-компанияны қай жоғары оқу орындарынан мамандарды жұмысқа алатындығы жайында ақпарат жинады. Оқуты бағдарламаларына баға берілді. Біздің ойымызша, бұл рейтинг ең әділ. Бізде 70 жоғары оқу орны IT мамандықтарды оқытады. Алайда, рейтингтегі орны 65, не 70-ші оқу орнында білім алуға көп адам ықылас білдірмейтіндігі мәлім. Дәл сондай оқу бағасына талапкер оқыту бағдарламасы әлде қайда жақсы орынды таңдайтындығы сөзсіз. Табиғи ірітеу – маманданудың бірінші қағидасы», - деді  ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Білім беру бағдарламаларының рейтингі – жалпы білім беру жүйесін жаңартуда қолданылатын елеулі құрал екендігіне министр сенімді. Білім алғаннан кейінгі түлектердің жұмыспен қамтылуы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламасының өзектілігі мен қажеттілігінің басты көрсеткіші.  

«Екі жыл бұрын бұл тек арман мен жоспар еді. Қазіргі уақытта алғашқы жұмысымызды көрсете аламыз. Биыл 129 жоғары оқу орны 88 мамандық бойынша біздің рейтингке қатысады. Білім беру бағдарламаларына баға беруге, әртүрлі бағдарламалар мен мамандықтардың өзектілігі жөнінде пікір бөлісуге кәсіпкерлерімізді жұмылдырсақ па деп едік. Ал жоғары оқу орындарының өзін рейтингке тегін кеңес алу мүмкіндігі ретінде қарауға шақырамыз», - деді Олжас Ордабаев.

2000 білім беру бағдарламаларына баға беру «Атамекенің» алдағы жоспарларының бірі. Ол нақты мамандықтар және екі белгі - статистикалық ақпарат пен сарапшылық бағалау - бойынша 88 әртүрлі рейтинг болады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес барлық жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын өзекті ету бойынша кеңес беріледі.

«Адами капитал. Сын-тегеурін және ақиқат» панельді сессиясы барысында бизнес өзіне қажетті мамандарды қалайша оқытып ала алатындығы талқыланды. Халықаралық және қазақстандық тәжірибе қарастырылды.

Сессия жұмысына мүдделі министрліктердің басшылары мен өкілдері, ұйымдар, қауымдастықтар, өңірлерден өкілдер қатысты. Сұхбат беруші ретінде шетелдік және отандық сарапшылар сөз сөйледі.

Еске салсақ, сессия 21 маусым Астанада өтетін «Атамекен» ҰКП V Съезі қарсаңында Астанада өтіп жатқан «Бизнес апталық» аясында ұйымдастырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер