astana-view

Қазақстан Үкіметі мен «Атамекен» өзара қарым-қатынас туралы келісімге қол қойды

2018 жылғы 21 Маусым
9720 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезінде бұл құжатқа ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев және «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев қол қойды.

13 маусым күні «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңға өзгертулер енгізілді, осыған сәйкес ҚР Үкіметі «Атамекен» қатысушылары құрамынан шықты.

 Осы ретте Ұлттық палата үшін Үкіметпен ары қарай тиімді қарым-қатынасты жалғастыру маңызды болып отыр, енді өзара әрекеттесудің жаңа формасы Келісім түрінде жүргізілетін болады.

 «5 жыл бұрын «Атамекен» қандай болды, қазір қандай. Бес жыл бұрын біз жолдың басында болдық. Сонда Үкімет өз мойнына үлкен жуапкершілікті алды, осыған уақыт аралығында бірігіп көп жұмыс атқарылды. Бізге ұйымдастырушы-әріптестің қолдауы керек болды, өйткені бастапқыда көптеген қауымдастықтар бірлесіп жұмыс істеуден бас тартты, түрлі пікірлер мен қарсылықтар орын алды. Біз «Атамекенмен» жүйелі жұмысты атқардық. (...) Бүгінде «Атамекен» – Үкіметтің тірегі. Енді Ұлттық палатадағы уәкілеттілігімзді тоқтатамыз. «Атамекен» қызметінің жаңа сатысына аяқ басты», – деді Бақытжан Сағынтаев.

 ҚР Премьер-Министрінің айуынша, жауырда атқарылатын Үкімет пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қарым-қатынас бойынша ортақ жоспарлары көп. Басымдыққа ие міндеттердің бірі – кәсіпорындарды цифрландыру және кәсіпкерлікке баулу арқылы халықты жұмыспен қамту.

 «Өңірлеге жұмыс сапарлармен бару шеңберінде біз студенттермен кездесеміз, жергілікті жерде қандай мамандар дайындалып жатқанын көреміз. Белгілі болғандай, жағдай қуантарлық емес. Сабақ беру бағдараламалары бір, алайда отандық экономика басқа мамандарға зәру. Сәйкессіздікті байқап отырмыз. Не ұстаздар дұрыс сабақ бермейді, не оқу бағдарламалары басқа. Бизнес ретінде Өңірлік кәсіпкерлер палаталары  осы  жұмысқа атсалысуы маңызды және әр өңір бойынша өзгелер бой түзейтін, үлгі алатын оқу орындарды қалыптастыру керек», – деді Бақытжан Сағынтаев.

 Премьер-Министр «Атамекен» бастамасымен іске асқан «Бастау» жобасының оң нәтижесін атап өтті. Жоба жеке кәсіп ашқысы келетіндер үшін нақты тірек болды, жобаны Мемлекет басшысы қолдап, шағын несиелеуге қосымша қаражат бөлінді. Осы ретте Бақытжан Сағынтаев бақылау-қадағалау функциялары қысқарып, өзін-өзі реттеу енгізілгендіктен бизнестің жауапкершілігін арттыру қажеттілігі туралы айтты.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев бірлесіп атқарылған жемісті жұмыс үшін Үкімет басшылығына алғыс білдірді.

«Бес жыл бұрын Мемлекет басшысының әріптестік қарым-қатынас орнату мақсатында бизнес пен билік органдары арасында тиімді диалог алаңын құру туралы тапсырмасы айтылған болатын. Бүгінде «Атамекен» Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бойынша тиімді диалог және сараптамалық алаң ретінде қалыптасқаны жайында сеніммен айтуға болады. Біз Парламент және Үкіметпен белсенді жұмыс атқарып келеміз. Елбасының күн сайынғы қолдауы арқасында біз осы байланыста жайлылықты сезінудеміз», – деді Тимур Құлыбаев.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер