astana-view

«Petroleum» ТМД-да үздік атанды

2018 жылғы 22 Маусым
3718 просмотров

Минск қаласындағы ТМД атқарушы комитетінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мемлекеттер қатысушыларының сапа саласында өнім мен қызмет көрсетуде ерекшеленген үздік  кәспорындарын мараптаттау рәсімі өтті.

 Жоғары мараптқа 14 мемлекеттік әрі жеке кәсіпорындар іріктелді. Оның ішінде «Petroleum» комапниялар тобы да бар. Кәсіпорын қазақстандық нарықта 16 жыл қатарынан жұмыс істеп келеді, бүгінде теміржол саласында көліктік-логистикалық  жетекші кәсіпорын болып табылады. Компания мұнай-газ секторнада толық спекторда қызмет көрсетіп отыр.

ТМД, Азия, Балтия, Кавказ елдері. «Petroleum» тасымалдау географиясы ауқымды. Былтырғы жыл қорытындысы бойынша «Petroleum» 14 млн тонна жүкті тасымалдаған.

«Бұл кәспорын пайдаланатын вагон цистерналар саны ТМД кеңестігі бойынша 11 мың дананы құрайды. Алайда әңгіме санда емес, сапада. Бұл сапа бойынша сыйлық, демек компанияның сапа саласындағы жетістіктері жоғары бағалануда. Сондықтан Қазақстаннан келген өкілдерге бұл сыйлықты беру маған қуаныш сыйлады», – деді ТМД атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев.  

Өнім мен қызмет көсретуде сапа саласындағы жетістіктер үшін берілетін ТМД сыйлығы екі жылда бір рет байқау негізінде 2005 жылдан бері беріліп келеді. Жеңімпаздарды ТМД экономикалық кеңесі таңдайды. Сергей Лебедевтың айтуынша байқаудың мақсаты ТМД кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру.

 «Petroleum» үшін бұл бірінші жүлде емес, 2016 жылы компания ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын еншілеген болатын.

 «Мына ТМД сыйлығы халықаралық сертификаттармен бекітілген. Яғни   халықаралық нарыққа шығу Елбасының көптен бері айтып келе жатқан үндеуі», – деді ҚР-дың Белорусьтағы Төтенше әрі уәкілетті Елшісі Ермұхамет Ертісбаев.

   

Былтыр компания Атырау мұнай өңдеу зауытына көлік инфрақұрылымы бойынша үлкен жобаны іске асырды. Зауыттың өткізу қабілеті – 5 жылына 5,5 млн тонна мұнай өнімін өткізу (тәулігіне 330 вагон-цистерна). Бүгінде топтың меншігі мен басқармалары және Қазақстандағы 3 ірі жуу-булау станциялар жүк тиеу-түсіру цистерналарын дайындауға және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын жетекшісі Тимур Қарабаевтың айтуынша, 2018 жылы «Petroleum» логистикалық қызмет көрсету спектрін ұлғайтпақ. Енді сервис жақсарып, жүкті тасымалдау толық қызмет көрсету қолға алынады.

 Ақпарат үшін

ТМД марапатын Достастық мемлекеттерінің 14 кәсіпорны алды. Осылайша Белорусьтің «Моготекс», «Гродненский мясокомбинат» ашық акционерлік қоғамы, «Гродненский государственный медицинский университет» оқу ұйымы алды. Ал «Национальный аэропорт Минск» республикалық унитарлық кәсіпорны дипломант атанды.

 Белорустардан басқа жеңімпаздар қатарында Әзербайжанның –Azertexnolayn и Gazelli Group компаниясы, Қазақстанның – Karlskrona, LC AB Petroleum и «Ордабасы құс» компаниялары, сонымен қатар Ресейдің – Мирный қаласындағы Өңірлік техникалық колледжі, «МЭИ» ғылыми-зерттеу университеті, Ресей темір жолдары, «Инпредсервис» және Кубань мемлекеттік технологиялық универстиеті бар.

 Марапаттаудан соң лауреаттар ТМД белгісін үш жыл қатарынан жарнама үшін пайдалана алады. Бұл белгі сапа саласында ең үздік кәсіпоырндарға берілетін мәртебелі сыйлық.

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер