astana-view

Лифтінің қызмет көрсетілуі бақылауға алынды

2018 жылғы 26 Маусым
- Астана қаласы
9644 просмотров

«Атамекен» лифт саясатын жетілдіру жөніндегі меморандумға қол қойды

21 маусымда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, «Атамекен» ҚР ҰКП мен «Лифтішілер одағы» ЗТБ лифті шаруашылығында қызмет көрсету саласында реттеуді жетілдіру бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісім жасады.

Меморандумның негізгі мақсаты – өзін-өзі реттеу ұйымдарының мүшелері – сервистік компаниялардың сапалы қызмет көрсетуі есебінен көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарымен лифті жабдығын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Келісімге ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, «Лифтшілер одағы» ЗТБ президенті Нұрлан Кенжебаев қол қойды.

Меморандум қабылдау қажеттілігі былтыр Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының алаңында талқыланған еді. Сол уақытта Кеңес лифт саласында өзін-өзі реттеу институтын құрудың мүмкіндігін қарастырған.

Еске салсақ, 2012 жылы Қазақстанның заңнамасына өзгертулер енгізіліп, соның нәтижесінде лифтілердің монтаждалуы мен қызмет көрсетілуін лицензиялау алынып тасталған. Соның салдарынан лифт жабдығын монтаждау және техникалық қызмет көрсету саласында қолайсыз жағдайлар туындағаны белгілі. 2015 жылдан бастап лифті бақылауды жергілікті атқарушы органдарынан бергеннен кейін заңнамада туындаған қайшылықтан соң мемлекеттік органдардың тарапынан лифтінің өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласы бақыланбады.

Қабылдаған келісім лифт шаруашылығында қызмет көрсететін сервистік компаниялардың үшінші тұлға алдындағы жауапкершілігін арттырады деп болжанады. Сонымен қатар 2019 жылдың аяғына дейін нақты жоспар енгізілген. Оның ішінде негізгі іш-қаралар қамтылған:

- Астана қаласындағы лифт шаруашылығында қызмет көрсету саласының кәсіпкерлік субъектілерін біріктіретін, өзін-өзі реттейтін ерікті ұйым құру;

- Қаладағы лифт шаруашылығында қызмет көрсету саласындағы жиі қайталанатын мәселелерді анықтау және шешу, оның ішінде лифт жабдығын пайдалануа беру қауіпсіздігі саласындағы заңдылық жағдайына талдау жасау;

- Лифті саласында қызмет көрсетуді стандарттау. Стандарттың екі түрін қабылдау қарастарылыған: өзін-өзі реттеу ұйымы және Ұлттық стандарт;

- Лифт шаруашылығында қызмет көрсету саласын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау.

«Атамекен» қоғамдық бақылауды күшейту бойынша ұсыныстар аясында лифт шаруашылығы саласындағы талапты күшейту мәселесін бірнеше рет көтергенін айта кету керек.

Лифті шаруашылығында қызмет көрсету саласында реттеуді жетілдіру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум

Анықтама:

9 қыркүйекте Астана қаласы «Гранд Астана» тұрғын үй кешенінде техникалық себептерге байланысты лифт тоқтап қалған. 16-қабатта тұрғындар мінген соң, төмен қарай жылдам түскен лифт 2-қабатта тоқтап қалған. Біраз уақыт өткен соң есік ашылып, тұрғындар лифтіден шыққан.

2017 жылы 21 сәуірде «Эдем Палас» көп қабатты үйдңғ 17 қабатында лифт үзіліп кетті, қуаныштысы, ешкім зардап шекпеген.

Осы «Эдем палас» кешенінде тағы бір оқиға орын алған. 8 адам, оның ішінде кәмелетке толмаған 2 бала лифтіде қалған. Лифт баяу жылдамдықпен 6-қабатқа дейін көтеріліп, қайтадан 1-қабатқа түскен, осы уақытқа аралығында есігі ашылмаған, одан кейін кенеттен шахтаға түсіп кеткен. Қайта ешкім де зардап шекпеген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер