astana-view

Әйелдер бизнесін несиелендіру: үздік жобалар таңдап алынады

2018 жылғы 11 Шілде
- Шымкент қаласы
15594 просмотров

Халық банкінің жаңа несиелік өнімі күнгейлік әйел кәсіпкерлердің қызығушылығын туғызды.

Қазақстан Халық банкі әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыру бойынша ашқан жаңалығы Түркістан облысының кәсіпкер әйелдерінің қызығушылығын тудырғаны соншалық, жаңа бағдарламамен танысуға келушілер саны көп болды.

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Данияр Дәрмен атап өткендей, Халық банкінің әйел кәсіпкерлігін несиелендіру бағдарламасы «Атамекен» ҰКП қолдауымен жасалды. Тиісті меморандум банк пен Іскер әйелдер кеңесі арасында Астанада ҚР «Атамекен» ҰКП жақында өткен бесінші съезі аясында іскер әйелдер конгресінде жасалды. Құжатқа сәйкес, Халық банкі әйелдер бизнес жобаларын дамыту және қолдау үшін 1 млрд. теңге бөлген.

 «Қазақстан Халық банкінің» АҚ ШОБ директорының орынбасары Сәуле Кәрібаеваның айтуынша, бизнесті дамыту үшін әйелдер несие ретінде 10 миллион теңгеге дейін ала алады. Сонымен қатар, тартымды шарттарда - өте төмен  жылдық 5% мөлшерде.

Бұл бүгінгі күні несиелендіру бойынша нарықта ең төменгі мөлшерлеме. Несиенің максималды сомасы бір жобаға10 миллион екенін ескерсек, несиеге көбісінің қол жеткізбесі анық.

«Ең бастысы, бұл жобалар біздің өңіріміз үшін маңызды болуы керек. Барлығына қаражат жетпейтінін ескере отырып, жобалардың ең үздігі таңдап алынады », – деді Сәуле Кәрібаева.

Несиелендірілетін жобалардың қызмет бағыттары бойынша шектеулер жоқ. Банк әйелдер мен олардың стартаптарын, инвестицияларын, айналым капиталын қолдауға дайын. Мысалы, ол кондитерлік дүкенге азық-түлік сатып алуға немесе сұлулық салондарын жабдықтауға арналған жоба болуы мүмкін. Несиені 2018 жылдың аяғына дейін алып үлгеру қажет, себебі бұл бағдарлама жылдың соңына дейін есептелген. Несиенің максималды мерзімі – 7 жыл.

Банк қызметкерлеріне ескертеді: жобалар, ең алдымен, қарыз алушылардың өздеріне ауыртпалықсыз болатындай мұқият қаралады. Сондай-ақ, несие алуға өтініш берген әйелдің  бизнестің акционері немесе иегері және ең бастысы, оның белсенді қатысушысы екенін тексереді. Несиеге әйелдер басшылық ететін ЖШС-де, ЖК де тең дәрежеде септеледі.

«Негізгі шарттардың бірі – қолма-қол ақшасыз әдіспен ақша қаражатын жүз пайыз игеру, яғни, банктік аударымдар арқылы шоттан шотқа. Әрине, кепіл қажет. Кепіл ретінде банк жылжымайтын мүлікті, жылжымалы мүлікті және ақшалай қаражаттарды, мысалы, депозитті қабылдайды. Бірақ мүліктің құны қарыз сомасын қамтымаған жағдайда, «ДАМУ» қоры несие сомасының 50 пайызына дейін кепілдікті қамтамасыз ете алады. Бұл өзінің кепілдік мүлкі жеткіліксіз әйелдерге де несие алуға мүмкіндік береді.

«Өз жобасына қаражат жетпей қалады деп ойлайтындарға ренжімеулерін сұраймыз. Өтініштеріңізді жіберіңіз – әр жоба өмір сүруге және несиелендірілуге құқылы. Егер олар осы бағдарламаға сәйкес келмесе, онда біз басқа бағдарлама арқылы немесе банктің өз қаражатынан несие бөлу мүмкіндігін қарастырамыз», – деп қорытындылады Сәуле Кәрібаева.

Халық банкінің бағдарламасы бойынша несие алу үшін кәсіпкер әйелдер өңірлік Кәсіпкерлер палатасына өтініш беруі қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер