astana-view

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен KAZENERGY инвестициялық мүмкіндіктерді саралады

2018 жылғы 26 Шілде
2594 просмотров

«Инвестициялық мүмкіндіктер: тұрақты дамуға арналған жаңа шешімдер» атты брифинг Қазақстан Республикасындағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге арналды.

 26 шілде күні Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен KAZENERGY қауымдастықтары  «Инвестициялық мүмкіндіктер: тұрақты дамуға арналған жаңа шешімдер» атты бірлескен брифинг өткізді.

 Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры Олжас Исабеков, KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов, KAZENERGY төрағасының кеңесшісі Арман Сәтімов және KAZENERGY қауымдастығының Халықаралық ынтымақтастығы бойынша ақтарушы директор Талғат Қарашев қатысты.

 Кездесуде Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ бен энергетика саласындағы ағымдағы ахуал жайы, KAZENERGY қауымдастығының қызметі, халықаралық ұйымдар қызметіне қатысу, сонымен қатар халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру, оның ішінде: KAZENERGY Еуразиялық XII форумы және Дүниежүзілік Мұнай кеңесі отырысы (1-3 қазан, 2018 ж.) талқыланды. Өз сөзінде Әсет Мағауов жаңа инвестициялар тартуда икемді әрі ең бастысы тартымды жағдай құрудың маңыздылығын атап өтті. Ол жер қойнауын пайдаланушыларына заңнамалық базаны оңтайландыру бойынша жүргізілген жұмыс жайында айтты, соның нәтижесінде Жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодекс пен жаңа Салық кодексі құрылды.  

 Сонымен қатар ары қарайғы талқылауда Әсет Мағауов алдағы уақытта жаңа Экологиялық кодексті әзірлеуді қамтитын  маңызды бастамалар және мұнай өнімдері нарығын ынталандыру бойыша шаралар туралы сөз қозғады.  

 KAZENERGY қауымдастығының халықаралық ұйымдар жұмысына қатысуы және халықаралық іс-шараларды өткізу туралы баяндаманы Қауымдастықтың атқарушы директоры Талғат Қарашев жасады. Оның айтуынша 1-3 қазан аралығында Астана қаласында Дүниежүзілік мұнай кеңесінің отырысы өтеді, оған Дүниежүзілік мұнай кеңеске мүше мемлекеттердің ұлттық комитеттері делегациялары басшылары қатысады.

 Бұған қоса барлық қатысушылар «Инвестициялық мүмкіндіктер: Тұрақты өсуге арналған жаңа сын-тегеуріндер» тақырыбында өтетін конференция жұмысына шақырылды. Аталмыш шара Дүниежүзілік мұнай кеңесі аясында 2 қазан күні өтеді. Бұл конференция ҚР Энергетика министрлігі мен KAZENERGY қауымдастығымен ұйымдастырылады. Қарашевтың айтуынша,  халықаралық конференция халықаралық қоғамдастықтың назарын аударуға және Қазақстанның мұнай-газ және энергетикалық салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.

KAZENERGY төрағасының кеңесшісі Арман Сәтімов өз кезегінде Қауымдастық мүшелері мен елшіліктердің сауда, коммерциялық департаменттері және халықаралық ұйымдар корпустарымен ынтымақтастықты  KAZENERGY Ғылыми-техникалық Кеңесі базасында дамытуды ұсынды. Оның айтуынша бұл жұмыс мемлекеттер араындағы тауар айналымды арттарды.

  Кездесу қорыныдысы бойынша қатысушылар сқрақтар қойып толымды жауап алды, мемлекеттер арасында өзара тиімді әріптестікті дамыту жайы талқыланды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер