astana-view

Жобалық кеңсе тиімділікті арттырады

2018 жылғы 27 Шілде
- Павлодар облысы
8426 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Қуаныш Бишімов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барып, өңірдегі бірқатар кәсіпорындарды аралады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басымдыққа ие міндеттерінің бірі кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау және дамыту екені белгілі. Отандық тауар өндірушілерді қолдаудағы негізгі құрауыш – нарықта импорт үлесін азайтып, жергілікті өніммен алмастыру болып табылады.

 Аталған бағыт аясында «Атамекен» ҚР ҰКП, «Самұрық-Қазына» қоры мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі арасында отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бірлескен жобалық кеңсенің құрылуын көздейтін үшжақты Келісімге қол қойылды.
 
 Жобалық кеңсе жергілікті өндірушілерге ұзақ мерзімді келісімшарттар беру, мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру және жобаларды іріктеу, сондай-ақ заманауи технологиялар негізінде өндірісті ұйымдастыру бойынша көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Бұған қоса Жобалық кеңсе импортты алмастыруды ғана емес, отандық тауар өндірушілердің эскпорт нарығына шығуын да көздейді.

Жұмыс сапарында Қуаныш Бишімов «Format Mach Company» ЖШС, «KSP Steel» ЖШС, «Казэнергокабель» АҚ, «R.W.S.Wheelset» АБ, «R.W.S.Binding» ЖШС, «R.W.S.Concrete» ЖШС, «Проммашкомплект» ЖШС компаниялары жұмысымен танысты.

 «KSP Steel» компаниясы алаңында отандық машина жасау кәсіпорындарымен сұранысқа ие болат дайындамалар өндірісін ұйымдастыру бөлігінде ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды.

Павлодар облысы бойынша отандық тауар өндірушілерінің тізілімі 380 кәсіпорыннан тұрады. Биыл 11 мамыр күні «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасында «Қазақстан Алюминиі» АҚ, «ТНК «Казхром» АҚ, «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ, «Евроазиатская энергетическая корпорация» АҚ, «Богатырь Комир» ЖШС, «Майкубен-Вест» ЖШС, «Майкаинзолото» АҚ, «KAZ MineralsBozshakol» АҚ, «ПНХЗ» ЖШС сынды облыстың ірі жүйе құрушы кәсіпорындарын сатып алуларында жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша кластерлік кездесу өтті.

 Кездесу қорытындысында жүйе құрушы кәсіпорындарымен  160,0 млрд теңгені құрайтын Ниет хаттамасына қол қойылды. «Атамекен» ӨКП мамандары Жобалық кеңсе жаңа өндірістік кәсіпорындар құру үшін жақсы ынталандыру, павлодарлық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады деген сенімде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер