astana-view

Сыртқы жарнама форматы қашан өзгереді?

2018 жылғы 31 Шілде
- Шымкент қаласы
7260 просмотров

Шымкентте жарнамалық билбордтарды жаппай өзгерту мәселесінде ымыралы шешім табылды.

Шымкент қаласының жарнамалық компаниялары өз бизнесін қорғау үшін ОҚО Кәсіпкерлер палатасына жүгінді.  Олар бір мезетте қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінен қазіргі кезде қолданыстағы билбордтарды шұғыл түрде өзгертіп, оларды заманауи скроллер мен  LED-экрандармен алмастыру қажет деген талаптарын жазбаша түрде хабарлаған. Жарнама берушілердің айтуынша, бұл талаптар олардың бизнесіне қауіп төндіріп отыр.

Палата өкілдер мен әкімдіктерінің, жарнама компанияларының кездесуін ұйымдастыру үшін диалог алаңы ретінде әрекет етті. Талқылау қарқынды болды.

Эстетика және қауіпсіздік

Сәулет және қала құрылысы бөлімі басшылығының пікірінше, жарнамалық құрылымдарды жаңғырту қажеттілігі бірінші кезекте Шымкент қаласының мәртебесінің өзгеруіне байланысты туындаған. Мегаполис дамуының тұжырымдамасы, еліміздің үшінші қаласы, қаланың сырт келбеті тұрғысынан визуалды жарнамаға әрңтүрлі көзқарасты қажет етеді. Мұнда қалалық ортаның заманауи эстетикасы, ал кейбір жағдайларда – қауіпсіздігі мәселесі тұр.

«Біз қатты желдерде билбордтар нақты қауіп тудыруы мүмкін екенін білеміз. Металл конструкциялары тротуарға, жолда және жақын жерде орналасқан автокөліктерге түсіп кеткен жағдайлар бар. Мұны көру үшін сарапшы болудың қажеті жоқ: бүгінгі билбордтардың басым көпшілігі қолмен жасалады», - деді қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығының орынбасары Жеңіс Байымбетов.

Бүгінгі таңда қалада 25 жарнамалық компаниямен 700-ге жуық жарнамалық құрылым орналастырылған, олардың жартысынан көбі скроллерлер мен LED- экрандар. Қалғаны 6х3 м өлшемді жарнамалық тақтайшалар. Сондықтан оларды қауіпсіздік және эстетикалық мақсаттылық тұрғысынан қарағанда алып тастау керек.

 

Банкроттыққа бір қадам

Билбордтарды ауыстыру туралы шешімге жарнама берушілер неге қарсы? Біріншіден, ескілерді өзгертуге өте қатаң мерзім берілген. Екіншіден, бұл шешімді жарнама құрылымы иелерімен ешкім де талқыламаған, бірақ олар заң бойынша талқылау керек еді.

Жалпы алғанда, жарнамалық бизнес қатысушылары шенеуніктердің бұл шешімін бизнеске тағы бір қысым деп санайды. Биліктің бұл бастамасы оны жүзеге асыру жағдайында жарнама нарығын жойып жібереді, өйткені құрылымдарды шұғыл және жаппай жаңғырту және ауыстыру үлкен қаржы шығындарын талап етеді және мәселе кейбір компаниялардың банкротқа ұшырауына әкеледі.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер қаладағы ең танымал сыртқы жарнамалық құрылымға- 6х3 метр өлшемді билбордтарға тыйым салған сәулетшілердің шешіміне қанағаттанбай отыр. Жарнама берушілердің пікірінше, ірі қалаларда билбордтардың әртүрлі форматы ұсынылғаны дұрыс. Кішігірім форматтағы жарнамаға ғана рұқсат беру ақылға қонымсыз- олар иелеріне тиімсіз және жарнама берушілер үшін қызықты емес. Бұдан басқа, клиенттердің өздері ашық сыртқы жарнамалық қызметтерді мемлекеттік сатып алулар порталына қойған кезде, техникалық сипаттамаларында 6x3 м форматын көрсетеді.

«Шымкенттің аумағында орналасқан үш жүзден астам құрылымдарды ауыстыру, бұл қандай үлкен сан екенін өздеріңіз есептеп көріңіздер. Ал дағдарыс кезінде несиелеу өте қиын және тіпті клиент базасымен де қиындық тудырса, бұл біздің нарықты жойылудың алдында қалдырады», – деп жарнамалық компаниялардың өкілдері атап өтті.

Әрине жеңімпаздар-кәсіби ойыншылар, кейбіреулер кетуге мәжбүр. Ең бастысы, жарнамалық компаниялар өкілдерінің талабы - бизнесті жүргізудегі ең үлкен кедергісі - бұл қысқа мерзімді жалға беруді алып тастау. 2018 жылы Шымкентте жұмыс істейтін жарнама компанияларының көпшілігінің жарнамалық құрылымдар орналастырылатын жер учаскелерін жалға алу мерзімі аяқталады. Алайда кәсіпкерлер қалалық әкімдіктен жалға алу мерзімін одан әрі ұзарту үшін рұқсат ала алмай отыр.

«Алдымен жерді 5 жылға беріңіз, – деді олар, – инвестиция жасау мүмкіндігін беріңіз, содан соң бірлесе нені және қалай өзгеретіндігімізді шешеміз».

 

Ынтымақтастық  керек

Бұл оқиғада ең таңғаларлық нәрсе: жергілікті атқарушы органдардың назарын аудару үшін бизнес өкілдеріне шағымдану қажет болды, ал Палатаға - диалог алаңын құру.

Кәсіпкерлер палатасы басшылығының айтуынша, қаладағы сыртқы жарнаманы тәртіпке келтіру керек, мұнымен ешкім сөз таласырмайды. Бірақ оны бірте-бірте және нарық қатысушыларымен бірге жасау қажет. Бірден барлық бизнесті «сілкінту» қажет емес, өйткені бұл шешім онсыз да жағдайы мәз емес жарнамалық нарықты түбегейлі жоюы мүмкін, ал бұл жұмыс орындарының күрделі қысқаруына әкеледі.

«Жарнама нарығы өркениетті, ал еліміздің үшінші қаласы - әдемі және лайықты болу керек екендігіне ешкім қарсы келмейді. Бірақ Шымкент жарнама нарығының жаңа тұжырымдамасында бизнестің де, қаланың да билік органдарының мүдделерінің ортақ пікірін табу қажет», - деп атап өтті ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Әкенов.

Кәсіпкерлер палатасы мен сәулет және  қала құрылысы бөлімі қатысуымен жұмыс тобын құрып, осы салада әкімшілік не істеп немесе істегелі жатқан әрекеттерінің барлығы айқын және кәсіпкерлердің пікірін  ескеру ұсынылды. Кәсіпкерлердің өзіне 6 тамызға дейін барлық тараптарға сәйкес келетін жарнамалық құрылым эскизін жасауға және оны бекітуді ұсынды. Ал ең бастысы - тұрғындар үшін үлкен қауіп төндіретін тозып-ескірген жарнамалық құрылымдар кезең-кезеңмен, біртіндеп ауыстыру туралы келісімге келді. Бұл шешім барлық тараптың қызығушылығын қанағаттандырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер