astana-view

Тюменьде отандық кәсіпкерлердің сауда-экономикалық миссиясы өтеді

2018 жылғы 13 Тамыз
2042 просмотров

 28-29 тамыз аралығында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Тюмень қаласында (РФ) Тюмень облысының Сауда-өнеркәсіптік палатасымен бірігіп, қазақстандық кәсіпкерлердің сауда-экономикалық миссиясын өткізуді ұйымдастырып отыр.

Іс-шара бағдарламасында Қазақстан Республикасы мен Тюмень облысының ресми және іскер қоғамдастықтың сауда-экономикалық қатынастарын дамытуға, өзара тиімді ынтымақтастыққа арналған баяндамалар жасалады деп күтілуде.

 Сонымен қатар әлеуетті әріптестерді табуға, миссия қатысушыларының ресейлік бизнеспен тікелей байланыс орнатуға, өңірлердің іскер байланысын дамытуға бағытталған B2B келіссөздер ұйымдастырлады.

 Миссияға  машина жасау, химия, құрылыс пен тамақ өнеркәсібі саласындағы отандық компаниялар қатысады.

 Өтетін орны: Тюмень қаласы, Советская көшесі, 20-үй,  «Еуразия» бизнес-қонақүйі, «Континенталь» мәжіліс залы

 Толық ақпаратты  жауапты менеджер Әйгерім Мустафина арқылы біуге болады: 87017858575, aemustafina@gmail.com

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер