astana-view

Ойын бизнесіне шектеу қойылуы мүмкін

2018 жылғы 24 Тамыз
11957 просмотров

Ойын бизнесі тоқтап қалудың алдында тұр. Кәсіпкерлердің айтуынша заңнамаға енгізілмек өзгертулерден кейін нарықтың 70 шақты ойыншысы лицензиядан айырылып қалады. Жалпы алғанда бастамалар мемлекеттік инвестициялық тартымдылығын төмендеткелі тұр.

 Аталған мәселені «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында кәсіпкерлер, салалалық қауымдастықтар мен мемлекеттік органдар өкілдері талқылады.

Ереже өзгереді

Ойын бизнесіне қатысты заңнамаға өзгерістерді енгізудің бастамашысы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті. Түбегейлі өзгерістер 5 жаңашылдықтан тұрады, оның ішінде үшеуі – бизнеске ауыртпалық әкелейін деп тұр.

Біріншіден, мемлекеттік орган ойын аймақтарында жекелеген қызмет түрі ретінде ойын автоматтарына тыйым салмақ. Екіншіден, ставкаларды есептеп отыратын орталық пен бәс тігу операторын тағайындау ұсынылуда – яғни, бизнестің пайымдауынша, нарықты монополияландыру қажет. Үшіншіден, – ойын бизнесін ұйымдастырушыны жыл сайын таза табыстың 15%-ын спорт дамуына бағыттауға міндеттейді.  

 Мемлекеттік орган ойын бизнесіндегі бұл өзгерістер көлеңкелі нарықты жойып, қауіпсіздікті арттырып, ең бастысы – ашықтықты қамтамасыз етеді деп санайды. Ал кәсіпкерлер бұл көзқараспен келіспей отыр.

 Бизнес өзгеріске қарсы!

Ұлттық палатаға бірден үш салалық қауымдастық өтінім жасады. Атап айтқанда, олардың пікірнше бірыңғай операторды енгізу букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды лицензиясыз қалдырады. Бір сөзбен айтқанда шамамен 2,5 мың жұмыс орны қысқарып қалмақ.

 Кәсіпкерлердің санауы бойынша, бюджет миллиардтаған қаражаттан қағылады. Осы жылдың басынан бастап букмекерлік кеңсе ойыншылары 10 млрд теңге салық салымдарын қамтамасыз еткен.

 «Егер бірыңғай оператор енгізілсе, қалай атасаң да – бұл жекелеген салада мемлекеттік биліктің әкімшілік ресурсын қолданумен жүзеге асатын монополияны орнықтыру деген сөз. Біз лотореялық бизнестің тағдырын қайталаймыз. Мұндай шешім нарықты заңсыз субъектілерінен тазалай алмайды, есесіне заң алдында адал кәсіпкерлерге соққы жасайды», – деді Букмекерлік және лоторея бизнесінің Өзін-өзі басқару ұйымының атқарушы директоры Гүлмира Бергенова.        

 

Инвестициялық тартымдылық күмән келтіреді

Мемлекеттік органдардың инвестициялары нарық ойыншыларына мәселе тудырып қана қоймай, инвесторлар үшін кедергі болатынын  кәсіпкерлер айтып жатыр.

«Бізді заңсыз әрекет етушілермен шатастырмауды сұраймыз.  Мәселен, казино мен ойын автоматтары – бұл біріне бірі қатысы жоқ әртүрлі заңды тұлғалар. Мен Грециядан келдім, онда Қазақстан инвестициялық тартымды ел ретінде таныстырылған. Мен ойын автоматтарын арнап ғимарат салдым, 2 млрд теңге қаражат құйдым. Енді не болды? Маған «казиноға көшіңіз» деп айтып жатыр. Былайша айтқанда мен инвестицияларымды жоғалтып отырмын!», – деді Грециядан келген инвестор Вантим Зоуков.

Қазақстан ат жарысы қауымдастығының президенті Ержан Дүрімбетов тотализаторлар мен ипподром қызметін «байланыстыруды» ұсынды. Бұл ат спорты саласына және оның шетелдік инвесторлар үшін тартымлығын арттыруға көмектеседі. Алайда заң жобасындағы жаңашылдық мұны жасауды болдыртпайды.

«1XBet» букмекерлік кеңсе жетекшісі Мақсат Құрмановтың айтуынша бүгінде ойын бизнесі бюджетке табыстан 20% қосымшасалықты, әр ойын үстелі, ойын автоматы, әр кассадан түсетін айы сайынғы салықты, сонымен қатар 10% жеке табыс салығын төлеп отыр. Сондықтан  жылына спорт дамуына деп 15%-ды төлеу айтарлықтай шығынға әкеледі.

 Ұлттық экономика министрлігі заңға жоспарланып отырған өзгерістерді құптамайды. Министрлік бәс тігу операторын тағайындау бизнесті бәсекеге қабілеттілігінен айырады да қауіпсіздік мәселесін шешпейді.

 «Ойын автоматтарына келетін болсақ, олар казинода ғана болуы керек деген уәжді қисынсыз деп есептейміз. Мұның бәрі салада әлеуметтік кернеуге әкеледі», –деді ҚР ҰЭМ өкілі Асланбек Жақыпов.

 Шоғырланған ұстаным қажет!

Талқылау барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының мендетін атқарушы Дінмұхамед Әбсаттаров Қазақстанда ойын нарығын уәкілетті орган тарапынан болатын қадағалаудың нақты жүйесі қалыптаспағанын атап өтті.  

  Реттелетін бизнеске қатысты   заңнамаларды қатайту көлеңкелі айналымды мемлекеттік бақылауға көмектеспейді, керісінше елден инвестициялық ағымды ысырып,    саланың көлеңкелі нарығын ұлғайтып жібереді.   

«Уәкілетті орган алдында заңсыз бизнеске қадағалаудың жоқтығы мәселесі тұрғанын ұмытпаған жөн. Бірақ, жаңашылдық кері әсері бар: мемлекеттік орган заңды қатайтқан сайын, бизнес соғұрлым көлеңкеге кетудің айласын ойлап табады. Қазақстан үшін ойын бизнесі табысты болып, бизнеске жақсы түсім әкелуде. Билік пен бизнес бірлесіп, ойын саласын реттеу мақсатында оңтайлы шешімге келуі керек. Өзара тиімді жұмыс қана бизнес ортаны ашық әрі қауіпсіз ете алады», – деді Дінмұхамед Әбсаттаров.

Жан-жақты талқылаудан соң кездесудың қатысушылары кәсіпкерлердің шоғырланған ұсыныстарын қорытып, оны  «Атамекен» арқылы заңнама әзірлеушілерге ұсыну жайында шешім қабылданды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер